Азиялық Даму Банкiнiң ауыл шаруашылық секторына арналған Бағдарламалық заемын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 шiлде N 928

      Агроөнеркәсiп кешенiндегi реформаларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасына берiлетiн Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемын тиiмдi пайдалану және Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемының Саяси матрицаларын орындау жөнiндегi шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi және Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып ауыл шаруашылығы секторы үшiн бөлiнген және лизингтiк негiзде пайдаланатын Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемының қаражаттарын орналастыру жөнiндегi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiнiң ұсыныстарын қарасын және осы кредит желiсiне қызмет көрсету үшiн өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiн 1996 жылдың 25 шiлдесiне дейiн анықтасын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi лизингтiк негiзде басымдықта қаржыландыру үшiн өкiлеттi қазақстандық банктерге ұсынылатын агроөнеркәсiп кешенiнiң аймақтар тұрғысындағы өндiрiс түрлерiн 1996 жылдың 1 тамызына дейiн анықтасын. Өкiлеттi қазақстандық банктерге 1996 жылдың 5 тамызына дейiн ұсынсын және жобаларды iрiктеу жөнiнде тендер жарияласын.
      "Агро-Лизинг" акционерлiк қоғамы лизинг берушi есебiнде ауыл шаруашылығы секторы үшiн Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес болып белгiленгендiгi ескерiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемының шарттарына сәйкес өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiмен тиiстi кредит шарттарын жасай отырып, агроөнеркәсiп кешенiнiң басым жобаларын лизингтiк негiзде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерi арасындағы кредит шарттарында, iрiктелген жобалардағы айналым капиталы банкiлердiң немесе заемшылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатындығы көзделсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерi арасындағы кредит шарттарында, iрiктелген жобалардағы айналым капиталы банкiлердiң немесе заемшылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатындығы көзделсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi банк сараптамасын бұдан әрi жүргiзу үшiн оң қорытынды алған инвестициялық жобаларды өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiне бiр апта мерзiм iшiнде берсiн.
      5. Өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiне жобалардың банктiк сараптамасын жүргiзудi, өтiмдi кепiл болған кезде сатып алынатын технологиялар мен жабдықтарды қаржыландыру мен олардың төлемдерiн жүзеге асыруды, лизингтiк негiздегi кредит ресурстарын мақсатты пайдалануды және кредит ресурстарын уақытында қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азиялық Даму Банкiнiң

Бағдарламалық заемын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес
қажеттi лизингтiк жабдықтар берушi фирмаларды iрiктеу мәселесiн
аяқтау жөнiндегi жұмыстарын тездетсiн.
     7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ш. Ақымбековке,
Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


О реализации Программного займа Азиатского Банка Развития для сельскохозяйственного сектора

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июля 1996 г. N 928

      В целях эффективного использования Программного займа Азиатского Банка Развития, предоставляемого Республике Казахстан для осуществления реформ в агропромышленном комплексе и реализации Плана мероприятий по выполнению Политической матрицы Программного займа Азиатского Банка Развития, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству финансов, Министерству экономики и Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан по согласованию с Национальным Банком Республики Казахстан до 25 июля 1996 года рассмотреть предложения казахстанских банков второго уровня по размещению средств Программного займа Азиатского Банка Развития, выделенных для сельскохозяйственного сектора и используемых на лизинговой основе, и определить уполномоченные казахстанские банки второго уровня для обслуживания этой кредитной линии.
      2. Министерству экономики и Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан до 1 августа 1996 года определить виды производств в агропромышленном комплексе в разрезе регионов, рекомендуемых уполномоченным казахстанским банкам для приоритетного финансирования на лизинговой основе. Рекомендовать уполномоченным казахстанским банкам до 5 августа 1996 года объявить тендер по отбору проектов.
      Принять к сведению, что Межведомственным советом по координации Программного займа Азиатского Банка Развития для сельскохозяйственного сектора в качестве лизингодателя определено акционерное общество "Агро-Лизинг".
      3. Министерству финансов Республики Казахстан в соответствии с условиями Программного займа Азиатского Банка Развития осуществить финансирование приоритетных проектов агропромышленного комплекса на лизинговой основе с заключением соответствующих кредитных договоров с уполномоченными казахстанскими банками второго уровня.
      В кредитных договорах между Министерством финансов Республики Казахстан и уполномоченными казахстанскими банками второго уровня предусмотреть, что оборотный капитал в отобранных проектах финансируется за счет собственных средств банков или заемщиков.
      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в недельный срок передать в уполномоченные казахстанские банки второго уровня инвестиционные проекты, получившие положительное заключение, для дальнейшего проведения банковской экспертизы.
      5. Рекомендовать уполномоченным казахстанским банкам второго уровня провести банковскую экспертизу проектов, осуществлять финансирование и платежи за приобретаемые технологии и оборудование при наличии ликвидного залога, обеспечить целевое использование кредитных ресурсов на лизинговой основе и своевременный возврат кредитных ресурсов.
      6. Межведомственному совету по координации Программного займа Азиатского Банка Развития для сельскохозяйственного сектора ускорить работу по завершению отбора фирм-поставщиков необходимого лизингового оборудования.
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Ахымбекова С.Ш. - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан, Павлова А.С. - Министра финансов Республики Казахстан.

         Премьер-Министр
      Республики Казахстан