1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi және Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып ауыл шаруашылығы секторы үшiн бөлiнген және лизингтiк негiзде пайдаланатын Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемының қаражаттарын орналастыру жөнiндегi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiнiң ұсыныстарын қарасын және осы кредит желiсiне қызмет көрсету үшiн өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiн 1996 жылдың 25 шiлдесiне дейiн анықтасын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi лизингтiк негiзде басымдықта қаржыландыру үшiн өкiлеттi қазақстандық банктерге ұсынылатын агроөнеркәсiп кешенiнiң аймақтар тұрғысындағы өндiрiс түрлерiн 1996 жылдың 1 тамызына дейiн анықтасын. Өкiлеттi қазақстандық банктерге 1996 жылдың 5 тамызына дейiн ұсынсын және жобаларды iрiктеу жөнiнде тендер жарияласын.
"Агро-Лизинг" акционерлiк қоғамы лизинг берушi есебiнде ауыл шаруашылығы секторы үшiн Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес болып белгiленгендiгi ескерiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Азиялық Даму Банкiнiң Бағдарламалық заемының шарттарына сәйкес өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiмен тиiстi кредит шарттарын жасай отырып, агроөнеркәсiп кешенiнiң басым жобаларын лизингтiк негiзде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерi арасындағы кредит шарттарында, iрiктелген жобалардағы айналым капиталы банкiлердiң немесе заемшылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатындығы көзделсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерi арасындағы кредит шарттарында, iрiктелген жобалардағы айналым капиталы банкiлердiң немесе заемшылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатындығы көзделсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi банк сараптамасын бұдан әрi жүргiзу үшiн оң қорытынды алған инвестициялық жобаларды өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiне бiр апта мерзiм iшiнде берсiн.
5. Өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiне жобалардың банктiк сараптамасын жүргiзудi, өтiмдi кепiл болған кезде сатып алынатын технологиялар мен жабдықтарды қаржыландыру мен олардың төлемдерiн жүзеге асыруды, лизингтiк негiздегi кредит ресурстарын мақсатты пайдалануды және кредит ресурстарын уақытында қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азиялық Даму Банкiнiң
Бағдарламалық заемын үйлестiру жөнiндегi Ведомствоаралық кеңес қажеттi лизингтiк жабдықтар берушi фирмаларды iрiктеу мәселесiн аяқтау жөнiндегi жұмыстарын тездетсiн. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ш. Ақымбековке, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi