1996 жылғы 20 шiлдедегi жағдай бойынша кредиторлық берешек сомасы 5,3 млрд. теңгеге жеттi, дебиторлық берешек 1,1 млрд теңге болды. Жалақы үш айдан астам уақыт бойы төленбеген, ол бойынша қарыз 381 млн. теңгеден асты. Эмаль сым цехын, тазарту өндiрiсiн салуға байланысты жағдай қиындай түстi, бұлар 100 млн. АҚШ долларынан асатын сомадағы қаржы қаражатын айналыстан шығарды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының қаржы қаражатының, бiрiншi кезекте табысының пайдаланылуына тиiстi бақылау жасамағанын Үкiмет атап айтады. Мәселен, 1994-1995 жылдары тиiсiнше 1,4 млрд және 4,2 млрд теңге табысы бола тұрып, бұл акционерлiк қоғам акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер есептемеген.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының жұмысына бақылау жасамаған. Тек Үкiмет араласқаннан кейiн және арнайы комиссияның тексеруi ұйымдастырылған соң ғана оның қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жасалды.
"Балқашмыс" акционерлiк қоғамының төлем қабiлетiн қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 2 сәуiрдегi N 2173 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Балқашмыс" акционерлiк қоғамында қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын және белгiленген тәртiппен:
"Балқашмыс" акционерлiк қоғамында қайта ұйымдастыру процедураларын сырттан басқару орнату жолымен жүзеге асыру жөнiндегi шараларды әзiрлесiн;
сенiмдi басқарушы белгiлеп, онымен "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының мүлкiн басқару жөнiндегi функцияларды беру жөнiнде шарт жасассын;
"Казкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамымен "Балқашмыс" акционерлiк қоғамын қаржыландыруға жiберiлетiн қаражаттың жұмсалуына қаржылық, бақылау жасау жағынан банктiк қызмет көрсетуiне агенттiк келiсiм жасассын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiр ай мерзiм iшiнде "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының қаржы және экономикалық жағдайына аудиторлық тексеру жүргiзудi ұйымдастырсын және оның нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне кредиторлық және дебиторлық берешегiнiң құрылымын өзгерту, өнеркәсiп құрылымын оңтайландыру және "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының төлем қабiлетiн қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн, қаржылық тәртiп бұзушылық болған жағдайда материалдарды тергеу органдарына берсiн;
сырттан бақылау орнатылған соң, екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Балқашмыс" акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы ұсыныстар енгiзсiн.
2. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының шикiзат берушiлерi мемтұтынушыларының ("Гленкор", "Новоресурс", "Далекс-Трейтинг" және "Риддер-Инвест" фирмалары) сырттан бақылау орнатылғанда өздерiнiң инвестициялық пұл құратыны және "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының қаржы-шаруашылық қызметiн тұрақтандыру мақсатында "Казкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамының қаржы менеджментi туралы ұсынысы назарға алынсын.
3. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының төлем қабiлетiн тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi үкiмет комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Комиссия "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының сенiмдi басқарушысымен бiрлесiп шикiзат сатып алу және өнiм беру бойынша күшiндегi контрактiлердi талдап, екi ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiптi бұза отырып жасалған шарттарды өзгерту және күшiн жою туралы ұсыныстар берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының қаржы менеджерi ретiндегi "Казкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамының аталған акционерлiк қоғамды онда қайта ұйымдастыру процедуралары жүргiзiлген кезеңде қаржыландыру схемалары бойынша ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Бас салық инспекциясы 1996 жылдың 15 тамызына қарай өнiмдi экспорттау бойынша қосылған құнға салынатын салықтың төленген сомасын "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының айналысына жедел қалпына келтiруге жәрдемдесетiн тәртiп әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныстар енгiзетiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының шикiзат базасын дамыту жөнiнде инвестициялық бағдарламаларды зерделесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Жезқазған және Ақтөбе облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп 10 күн мерзiм iшiнде "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiн, оның iшiнде: тұрғын үйдi, тозғандары мен бұзылғандарын қоса алғанда, мектепке дейiнгi балалар, медицина мекемелерiн, жылумен, сумен қамтамасыз ету және канализация инженерлiк жүйелерiн, электр жүйелерi мен қосалқы станцияларды, жолдар мен қорғаныс құрылғыларын, қазандықтарды, жылу пункттерi мен жылу беру жүйелерiн қоса алғанда, мәдениет-спорт ғимараттарын жергiлiктi әкiмдердiң балансына өткiзетiн болсын. Жезқазған және Ақтөбе облыстарының әкiмдерi осы объектiлердiң зиян шекпей жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде және оларды 1996-1997 жылдардың күз-қыс кезеңiнде жұмыс iстеуге әзiрлеу жөнiнде нақты бағдарламалар әзiрлесiн.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының сенiмдi басқарушысымен бiрлесiп бiр ай мерзiмде жекешелендiрiлуi бүтiн технологиялық циклды бұзбайтын, қосымша қызмет объектiлерiн сату туралы мәселенi шешсiн.
9. "Балқашмыс" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк
пакетiнiң бiр бөлiгiн сату және шетел инвестицияларын тарту бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу мен өткiзу жөнiнде конкурстық комиссияның шешiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 1717 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 шiлдедегi N 937 қаулысына қосымша "Балқашмыс" акционерлiк қоғамының төлем қабiлетiн тұрақтандыру мен қалпына келтiру жөнiндегi үкiмет комиссиясының ҚҰРАМЫ Имашев Б.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң директоры (төраға) Мұртазаев М.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрiнiң бiрiншi орынбасары Фельд Е.Д. - "Казкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары