1. "Италавто" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасы заңын қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 143 P960143_ қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
2-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Италавто" бiрлескен кәсiпорны импортталатын спирттен, алкоголь мен темекi бұйымдарынан басқа, импортталатын тауарлар үшiн қосылған құнға салынатын салықтан және импортталатын акциздеуге жататын тауарларға акциздерден босатылсын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және ол қабылданғанға дейiн жасалған контрактiлерге қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi