Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 841 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Шағын және орта қалалардың проблемалары жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Ваисов М.К. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Сейтмұхамбетов Н.Н. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Аймақтық саясат және реформаларды ұйымдық-атқарушылық қамтамасыз ету бас басқармасының бөлiм бастығы /хатшы/; аталған құрамнан Е.Н.Нұрғалиева шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi