Қазақстан Республикасының елдi мекендерiн сумен жабдықтау мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 тамыз N 1047

      Елдi мекендердi сумен тұрақты және үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың III тоқсаны iшiнде "1996 жылға арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 ақпандағы N 141 P960141_ қаулысында көзделген сумен жабдықтау объектiлерiн қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылғы қарашада Солтүстiк Қазақстан облысының Сергеев су қоймасын қайта жаңарту үшiн төтенше жағдайлар жөнiндегi резервтiк қордың қаражаты есебiнен 25 млн. теңге бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1997-1999 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк экономикалық даму индикативтiк жоспарының жобаларын әзiрлеген кезде және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттердiң жобаларын қалыптастыру кезiнде оларды қаржыландыру 1997 жылы 275 млн. теңге 1998 жылы 400 млн. теңге, 1999 жылы 400 млн. теңге мөлшерiнде болатынын ескерiп, су құбыры жүйелерiн қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн орталық көздерден қаражат бөлу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынысын қарасын.
      3. Облыстардың, Алматы қаласының, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi орталық атқарушы органдардың қатысуымен:
      су құбыры мен канализациялық жүйелердiң жұмысын жақсарту жөнiнде шара қабылдасын, бұл жүйелердiң жөндеу-профилактикалық жұмыстарын дер уақытында жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық және экологиялық жай-күйiн жақсартуға бағытталған шаралар кешенiн өткiзудi жүзеге асырсын;
      ауыз суын дайындау және залалсыздандыру үшiн су құбырларын химреагенттер мен құрамында хлоры бар заттармен қажеттi көлемде қамтамасыз етуге қаражаттар iздестiрсiн;
      өңдеу технологиясын сақтауға, ауыз суын залалсыздандыруға ведомстволық зертханалық өндiрiстiк бақылау жасауды тұрақты түрде қамтамасыз етсiн;
      ағымдағы жылдың аяғына дейiн берiлген су үшiн су тұтынушылардың берешегiн өтеу жөнiнде, су құбырларында қайта жаңарту, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге арналған бюджеттен тыс қаражаттарды тарту жөнiнде шұғыл шаралар қолдансын;
      екi айлық мерзiмде жергiлiктi сумен жабдықтау жүйелерiне қызмет көрсету жөнiндегi орталықсыздандырылған құрылымдар құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi сумен жабдықтау объектiлерiнде санитарлық ережелер мен нормалардың сақталуына және ауыз судың сапасына мемлекеттiк қадағалауды күшейтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп бiр айлық мерзiмде сумен жабдықтау жүйелерiн тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ету жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс әзiрлесiн және енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Су ресурстары жөнiндегi комитетпен бiрлесiп сумен жабдықтау объектiлерiнiң қайта жаңартылуына, құрылысына, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған су құбырларының қызметтiк мерзiмiн ұзарту үшiн қазiргi заманғы жабдықтар сатып алуға арналған сыртқы қаржыландыру көздерiн тарту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


О вопросах водоснабжения населенных пунктов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 августа 1996 г. N 1047

      В целях обеспечения устойчивого и бесперебойного водоснабжения населенных пунктов Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству финансов Республики Казахстан в течение III квартала т.г. обеспечить финансирование объектов водоснабжения, предусмотренных постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 1996 г. N 141 P960141_ "Об инвестиционной программе Республики Казахстан на 1996 год".
      Министерству финансов Республики Казахстан выделить в ноябре 1996 года за счет средств резервного фонда по чрезвычайным ситуациям 25 млн.тенге для реконструкции Сергеевского водохранилища Северо-Казахстанской области.
      2. Министерству экономики Республики Казахстан при разработке проектов индикативных планов социального экономического развития Республики Казахстан на 1997-1999 годы и Министерству финансов Республики Казахстан при формировании проектов республиканских бюджетов рассмотреть предложения Комитета по водным ресурсам и Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по выделению средств из централизованных источников для проведения работ по реконструкции водопроводных систем, имея в виду их финансирование в 1997 году в размере 275 млн.тенге, 1998 году - 400 млн.тенге, 1999 году - 400 млн.тенге.
      3. Акимам областей, г. Алматы, городов и районов, Комитету по водным ресурсам, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан с участием заинтересованных центральных исполнительных органов:
      принять меры по улучшению работы водопроводных и канализационных систем, обеспечить своевременное проведение ремонтно-профилактических работ данных систем;
      осуществить проведение комплексных мероприятий, направленных на улучшение санитарного и экологического состояния источников питьевого водоснабжения;
      изыскать средства для обеспечения водопроводов необходимым количеством химреагентов и хлорсодержащих средств для подготовки и обеззараживания питьевой воды;
      обеспечить постоянный ведомственный лабораторно-производственный контроль за соблюдением технологии обработки, обеззараживания питьевой воды;
      принять неотложные меры до конца текущего года по погашению задолженности водопотребителями за подаваемую воду, по привлечению внебюджетных средств на проведение реконструкции, ремонтно-восстановительных работ на водопроводах;
      в двухмесячный срок внести предложение о создании децентрализованных структур по обслуживанию локальных систем водоснабжения.
      4. Министерству здравоохранения Республики Казахстан ужесточить государственный надзор за соблюдением санитарных правил и норм на объектах водоснабжения и качеством питьевой воды.
      5. Комитету по водным ресурсам совместно с Министерством энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан в месячный срок проработать и внести предложение в Правительство Республики Казахстан по устойчивому энергообеспечению систем водоснабжения.
      6. Министерству экономики совместно с Министерством финансов и Комитетом по водным ресурсам Республики Казахстан внести предложение о привлечении внешних источников финансирования на реконструкцию, строительство объектов водоснабжения, а также приобретение современного оборудования для продления срока службы существующих водопроводов.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан