1996-1997 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың әзiрлiгi жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 тамыз N 1067

      Электр және жылу энергиясына елеулi төлем жасамаушылықтардың салдарынан электр энергетика саласындағы пайда болған қиын жағдайға байланысты 1996\1997 жылдың күзгi-қысқы кезеңiне электр станцияларының, электр және жылу жүйелерiнiң орнықты жұмыс iстелуiне әзiрлiгi үшiн - қаржы жағдайын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары 1996\1997 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа электр энергетика объектiлерiнiң сенiмдi әзiрлiгi ерекше мемлекеттiк маңызды тапсырма деп санасын.
      2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне 1996 жылдың субвенция есебiнен көзделген облыстардың бюджетiне бөлiнетiн қаражаттарды электр және жылу энергиясын пайдаланған бюджеттiк мекемелердiң энергия жабдықтау ұйымдарына берешектерiн өтеуге жұмсау ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң энергиямен жабдықтаушы ұйымдары алдындағы қалған берешектерiн өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi түскен қаражаттарды әзiрленген кестеге сәйкес электр станцияларына жеткiзiлетiн отынға төлеуге бағыттауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Директивалық кредиттер мен 1994 жылғы өзара борыштардың iшкi республикалық есебiнiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттердi және олар бойынша проценттердi өтеудiң шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 214 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 61-бап) айқындалған шарттарда 1994 жылғы директивалық кредиттер бойынша қалған берешектердi өтеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiрөнеркәсiбi министрлiгiнiң ұсынысын зерделеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Халықты Әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың келiсiмiмен бiр апта мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Зейнет қорына мерзiмi өткен төлемдер бойынша өсiм ставкасының қабылданған мөлшерiн өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi

министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп
жекелеген энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға оларды 1996\1997 жылдың
күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмыс жағдайына әзiрлiгiне кредит
ресурстарын бөлу мақсатындағы аукциондарға қатысу үшiн екiншi
деңгейдегi уәкiлденген банктердi айқындасын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi 
     
      
      


О дополнительных мерах по подготовке энергоснабжающих организаций к работе в осенне-зимний период 1996/97 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 августа 1996 г. N 1067

      В связи с создавшейся критической ситуацией в электроэнергетической отрасли, вызванной значительными неплатежами за электрическую и тепловую энергию, в целях создания финансовых условий для подготовки электростанций, электрических и тепловых сетей к устойчивой работе в осенне-зимний период 1996/97 года Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственным органам Республики Казахстан считать подготовку объектов электроэнергетики к надежной работе в осенне-зимний период 1996/97 года задачей особой государственной важности.
      2. Рекомендовать акимам областей и г.Алматы использовать средства, выделяемые бюджетам областей в счет предусмотренных в 1996 году субвенций, на погашение задолженности бюджетных учреждений энергоснабжающим организациям за потребленную электрическую и тепловую энергию.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан и акимам областей и города Алматы принять меры по погашению оставшейся задолженности республиканского и местных бюджетов перед энергоснабжающими организациями.
      Министерству энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан обеспечить направление поступивших средств на оплату за топливо для электростанций, поставляемое в соответствии с разработанным графиком.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан изучить предложение Министерства энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан по погашению оставшейся задолженности по директивному кредиту 1994 года на условиях, определенных постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 1996 г. N 214 "Об условиях погашения директивных кредитов, выданных по результатам внутри республиканского зачета взаимных долгов 1994 года, и процентов по ним" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 8, ст.61) и внести на рассмотрение Правительства Республики Казахстан.
      5. Министерству социальной защиты населения Республики Казахстан по согласованию с заинтересованными министерствами, государственными комитетами и иными центральными исполнительными органами в недельный срок внести в установленном порядке в Правительство Республики Казахстан предложения по изменению действующего размера ставки пени по просроченным платежам в Пенсионный фонд.
      6. Министерству энергетики и угольной промышленности совместно с Национальным Банком Республики Казахстан определить уполномоченные банки второго уровня для участия в аукционах с целью выделения кредитных ресурсов отдельным энергоснабжающим организациям для их подготовки к условиям работы в осенне-зимний период 1996/97 года.
     Премьер-Министр
     Республики Казахстан