1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары 1996\1997 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмысқа электр энергетика объектiлерiнiң сенiмдi әзiрлiгi ерекше мемлекеттiк маңызды тапсырма деп санасын.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне 1996 жылдың субвенция есебiнен көзделген облыстардың бюджетiне бөлiнетiн қаражаттарды электр және жылу энергиясын пайдаланған бюджеттiк мекемелердiң энергия жабдықтау ұйымдарына берешектерiн өтеуге жұмсау ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң энергиямен жабдықтаушы ұйымдары алдындағы қалған берешектерiн өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi түскен қаражаттарды әзiрленген кестеге сәйкес электр станцияларына жеткiзiлетiн отынға төлеуге бағыттауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Директивалық кредиттер мен 1994 жылғы өзара борыштардың iшкi республикалық есебiнiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттердi және олар бойынша проценттердi өтеудiң шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 ақпандағы N 214 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 61-бап) айқындалған шарттарда 1994 жылғы директивалық кредиттер бойынша қалған берешектердi өтеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiрөнеркәсiбi министрлiгiнiң ұсынысын зерделеп, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Халықты Әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүдделi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың келiсiмiмен бiр апта мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Зейнет қорына мерзiмi өткен төлемдер бойынша өсiм ставкасының қабылданған мөлшерiн өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi
министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп жекелеген энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға оларды 1996\1997 жылдың күзгi-қысқы кезеңiндегi жұмыс жағдайына әзiрлiгiне кредит ресурстарын бөлу мақсатындағы аукциондарға қатысу үшiн екiншi деңгейдегi уәкiлденген банктердi айқындасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi