1. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен саласына арнаулы техникалар, өзге де материалдық құралдарды жасау мен жөндеу және оларды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Шекара әскерлерiне беру жөнiндегi кәсiпорындар енетiн басқа да орталық атқарушы органдары қол қойылған Келiсiмге сәйкес қабылданған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
2. Сыртқы шекараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Шекара әскерлерiне өз аумақтарында шығарылмайтын Шекара әскерлерi арнаулы техникаларын және өзге де материалдық құралдарды (қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда) беру Шекара әскерлерiнiң қолбасшылары Кеңесiмен бекiтiлген Тiзбеге сәйкес (ал мұндай келiсiм жасамаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер үшiн - шекаралық ведомстволар басшылары бекiткен Тiзбе бойынша, екiжақты негiзде), 1-қосымшаға орай үкiметаралық келiсiмдер және тұтынушы-мемлекеттiң Шекара әскерлерi мен Қазақстан Республикасының кәсiпорындары арасында тiкелей шарттар бойынша ешқандай лицензияларсыз және рұқсаттар алмай-ақ жүзеге асырылсын.
Берiлетiн Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен өзге де материалдық құралдардың (қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда) номенклатурасы мен санын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң келiсiмiмен айқындайды.
3. Келiсiмге сәйкес берiлетiн Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен өзге де материалдық құралдардың тiзбесiне енгiзiлген қару-жарақ пен әскери техникалардың және оларды жөндеудiң номенклатурасын, санын және беру тәртiбiн 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
4. Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Шекара әскерлерiне осы қаулыға сәйкес берiлетiн Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен өзге де материалдық құралдардың рұқсат етiлмеген қайта орналасуына (реэкспортына) жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Шекара әскерлерi үшiн Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен өзге де материалдық құралдарының құны Қазақстан Республикасының осы техникалар мен өзге де материалдық құндылықтарына тиiстi тұтынушылар үшiн кәсiпорындар белгiлеген бағалар бойынша айқындалсын.
6. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң аумақтарында шығарылған, осы мемлекеттердiң мемлекеттiк шекараларын күзету мұқтаждары үшiн алынған, сондай-ақ жөндеуге жiберiлген немесе жөндеуден қайтарылған Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен өзге де материалдық құралдары (қару-жарақ пен әскери техниканы қоспағанда) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң шекаралары
арқылы кедергiсiз, кеден баждары және өзге де алымдар алынбастан өткiзiледi. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Үкiметтерiне осы қаулының мазмұнын жеткiзетiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi N 1139 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi беретiн квоталар бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Шекара әскерлерiне жеңiлдiкпен беру көзделген Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен басқа да материалдық құралдардың ТIЗБЕСI I. Автомобиль техникасы 1. Жеңiл автомобильдер 8703 2. Жүк автомобильдерi 8704 3. Өздiгiнен түсiргiш автомобильдер 8704 4. Жолаушы автомобильдерi 8702 5. Арнаулы автомобильдер 8705 оның iшiнде: қызмет атқаруға өрт сөндiруге суару-жууға тазалауға арналған автомобильдер автоцистерналар авторефрижаторлар нан тасуға арналған фургон автомобильдер автокрандар автотиегiштер 6.Тракторлар 8701 7. Тiркемелер 8716 оның iшiнде: бiр осьтi екi осьтi 8. Жартылай тiркемелер 8716 II. Инженерлiк қаруландыру құралдары 1. Бекiнiс орындарын қазуға арналған құрал-саймандар 2. Бүркемелеу құралдары 3. Электротехникалық құралдар 4. Далалық сумен жабдықтау құралдары III. Шекара күзету құралдары 1. Дабыл беру жүйелерi (кешендерi) 8531 2. Прожекторлық жарақтандыру құралдары 9405 3. Өрт-күзетi дабыл беру құралдары 8531 IV. Арнаулы БТП техникасы 1. Құжаттарды тексеру техникасы 2. Арнаулы бақылау техникасы V. Жедел органдарда қолданылатын арнаулы техникалық құралдар 1. Қозғалту көлiк құралдары 2. Дербес және стационарлық ЭЕМ 8471 VI. Байланыс техникасы (құралы) 1. Көмекшi аппаратура және жабдық 2. Есептеу техникасы 8471 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi N 1139 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Шекара әскерлерiне жеңiлдiкпен беру көзделген Шекара әскерлерi арнаулы техникалары мен басқа да материалдық құралдардың ТIЗБЕСI I. Авиациялық техника 1. Ұшақтар 8802 2. Тiқұшақтар 8802 3. Жерүстi жабдықтары 8802 II. Бронетанктiк техника 1. Бронетранспортерлер 8710 2. Жаяу әскерлердiң жауынгерлiк машиналары 8710 III. Инженерлiк жарақтандыру құралдары 1. Өткiзуге керектi құрал-жабдықтар 2. Инженерлiк оқ-дәрiлер IV. Шекара күзетi құралдары Радиолокациялық қаруландыру құралдары 8526 V. Әскери-химиялық қарулар және қорғану құралдары 1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары 2. Терiнi қорғау құралдары 3. Арнаулы өңдеу құралдары 4. Ұжымдық қорғаныс құралдары 5. Радиациялық және химиялық барлау құралдары 6. Газсыздандыру, залалсыздандыру және дезинфекциялаушы заттар мен ерiтiндiлер 7. Түтiндеткiш, боямалау, тұтандыру, оқып-үйрену және жөндеу құралдары VI. Теңiз техникасы 1. Кемелер 8906 2. Катерлер 8906 3. Арнаулы теңiз техникасы және жабдықтары 8906 VII. Жедел органдарда қолданылатын арнаулы техникалық құралдар 1. Жалпы пайдалануға арналған қабылдау-хабар беру байланыс құралдары 2. Арнаулы нақты шараларды орындауға арналған қару-жарақ құралдары VIII. Байланыс техникасы (құралдары) 1. Радиоаппаратура 8526 оның iшiнде: радиотаратқыштар стационарлық радиостанциялар ҚТ радиостанциялар УҚТ радиостанциялар радиорелелiк станциялар автомобильдiк радиостанциялар командалық-штабтық машиналар радиоқабылдағыш құрылғылары 2. Телефон аппаратурасы 8517 оның iшiнде: телефон станциялары шекара заставасының коммутаторлары телефон байланысының автомобильдiк аппараттары ЖЖ телефон аппаратурасы далалық телефон аппараты арнаулы телефон аппараттары хабарлау аппаратурасы диспетчерлiк байланыс аппаратурасы әкiмшiлiк байланыс аппаратурасы 3. Телеграф аппаратурасы 851782 оның iшiнде: дыбыспен телеграфтау аппаратурасы телеграф аппараттары фототелеграфтық және факсимильдiк аппараттар желiлiк-телеграф коммутаторы 4. Арнаулы аппаратура 8517 оның iшiнде: телефондық ЖБА аппаратурасы телеграфтық ЖБА аппаратурасы автомобильдiк аппараттар 5. Теңiз байланыс техникасы 8526 оның iшiнде: радиотаратқыштар радиоқабылдағыштар көмекшi аппаратура 6. Авиациялық радиотехника құралдары 8525 оның iшiнде аэродромдық