1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi республикалық N 1 және 2 олимпиадалық резерв училищелерiн 1996 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң қарамағына берсiн.
2. "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 шiлдедегi N 940 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 269-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарамағына берiлген салалық министрлiктер мен ведомстволардың оқу орындарының тiзбесiнен:
Республикалық N 1 олимпиадалық резерв училищесi
Республикалық N 2 олимпиадалық резерв училищесi алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Бiлiм министрлiгi және Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi бекiтiлген 1996 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары мен ашылған кредиттерге қажеттi өзгертулер енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi