Олимпиадалық резерв училищелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 қыркүйек N 1143

      "Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 U952261_ Жарлығын орындау және "Қазақстан Республикасының спортшыларын 1994, 1996 жылдардағы кезектi Олимпиадалық және Азиялық ойындарға даярлау бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 12 қазандағы N 1013 P931013_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi республикалық N 1 және 2 олимпиадалық резерв училищелерiн 1996 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң қарамағына берсiн.
      2. "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 шiлдедегi N 940 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 269-құжат) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң қарамағына берiлген салалық министрлiктер мен ведомстволардың оқу орындарының тiзбесiнен:
      Республикалық N 1 олимпиадалық резерв училищесi
      Республикалық N 2 олимпиадалық резерв училищесi алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Бiлiм министрлiгi және Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi бекiтiлген 1996 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары мен ашылған кредиттерге қажеттi өзгертулер енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады