Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 қыркүйек N 1156. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Зейнетақы қорына төлеушiлерден сақтандыру жарналарының барынша толығырақ түсуiн қамтамасыз ету, төлемдер бойынша берешектердi өтеу, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарнаны төлеуден бас тарту және оның сомасын төмендету фактiлерiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы  N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,N 42, 455-бап) бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      12 және 42-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "12. Төлеушiлер сақтандыру жарналарын Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн жарна төлеудiң белгiленген басқа мерзiмiнен өзге реттерде ай сайын жалақы төлеу үшiн белгiленген мерзiмде, бiрақ келесi айдың 10-ынан кешiктiрмей аударуға мiндеттi. 
      42. Төлеушiлер сақтандыру жарналарының сомасын Зейнетақы қорына уақтылы және толық аудармағаны үшiн төленбеген сомаға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы сомаларды төлеу күнiнен белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ставкасы мөлшерiнде, оның кешiктiрiлген әрбiр күнi үшiн төленбеген соманың өсiмiн төлейдi. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан абзацтар алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
1997.01.31.  N 133 қаулысымен.  
      2. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына түсетiн 30 процент сақтандыру жарналарының есебiн тәртiпке келтiру мақсатында осы қаржыларды жинайтын аудандық және қалалық банк бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң жанынан халықты әлеуметтiк қорғау органдары үшiн қосалқы шот ашу жөнiнде өкiлеттi банкке ұсыныс жасалсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
      сақтандыру жарналарын төлеушiлерге бұрынырақта есептелген өсiмдердi есептен шығаруға қатысты жұмыстарды жүргiзу Тәртiбiн екi апталық мерзiм iшiнде әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн; 
      <*> 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеуге коммерциялық ұйымдарды тарту тетiгiнiң құқықтық негiздерiн көздей отырып, осындай ұйымдардың зейнетақы төлеуге арналған қаржыларды қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Зейнетақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жетiлдiру және оны мүдделi министрлiктермен келiсудi тездетсiн; 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармағының 3-абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1997.03.26.  N 419 қаулысымен. 
        4. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi бiр ай мерзiм iшiнде кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке адамдардан Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына осы адамдардан алынатын патенттер мен алымдар құрамындағы мiндеттi төлемдердi тартудың мүмкiндiгi туралы осы патенттер мен алымдар сомаларының тиiстi бөлiгiн алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына берудiң тетiгiн құру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне өзара келiсiлген ұсыныс енгiзсiн; 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қосымша төлемдердi тартуға байланысты қолданылып жүрген салық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу мәселелерiн қарасын. 
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi: 
      Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеуге коммерциялық ұйымдарды тартудың барынша жетiлдiрiлген жаңа тетiгiн әзiрлеу жұмысына қатыссын және осы тетiктi iс жүзiнде қолданысқа енгiзуде Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне көмек көрсетсiн; 
      салық қызметiнiң ведомстволық бағынышты органдарына салық төлеушiлердiң қызметiн тексерген кезде халықты әлеуметтiк қорғау органдарын iле-шала хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарының толық және уақытылы төленуi мәселелерiн мiндеттi түрде тексерудi тапсырсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1994 г. N 1120 и мерах по совершенствованию деятельности Пенсионного фонда Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 1996 г. N 1156. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях обеспечения более полного поступления страховых взносов от плательщиков в Пенсионный фонд Республики Казахстан, погашения задолженности по платежам, недопущения фактов уклонения от уплаты и занижения сумм отчислений на государственное социальное страхование Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в Порядок совершения операций по взиманию, учету, зачислению и расходованию средств Пенсионного фонда Республики Казахстан, утвержденный постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1994 г. N 1120 P941120_ "Об утверждении Порядка совершения операций по взиманию, учету, зачислению и расходованию средств Пенсионного фонда Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 42, ст. 455), следующие изменения и дополнения:
      пункты 12, 42 изложить в следующей редакции:
      "12. Плательщики обязаны перечислять страховые взносы в Пенсионный фонд Республики Казахстан ежемесячно в срок, установленный для выплаты заработной платы, но не позднее 10-го числа следующего месяца, кроме случаев установления отдельным категориям плательщиков других сроков уплаты взносов.
      42. За несвоевременное перечисление в Пенсионный фонд Республики Казахстан сумм страховых взносов плательщиками уплачивается пеня с суммы недоимки в размере 1,5-кратной ставки рефинансирования, установленной Национальным Банком Республики Казахстан к сроку уплаты этих сумм, за каждый день просрочки";<*>
      Сноска. Абзацы пятый, шестой и седьмой пункта 1 исключены - постановлением Правительства РК от 31 января 1997 г. N 133 P970133_ .
      2. В целях упорядочения учета поступающих на централизованный счет Пенсионного фонда Республики Казахстан 30 процентов страховых взносов рекомендовать уполномоченному банку открыть органам социальной защиты населения при районных и городских филиалах, отделениях банка субсчета по сбору этих средств.
      3. Министерству социальной защиты населения Республики Казахстан:
      в двухнедельный срок разработать и внести на утверждение Правительства Республики Казахстан Порядок проведения работ по списанию ранее начисленной пени по плательщикам страховых взносов;
      (Абзац четвертый) ускорить доработку и согласование с заинтересованными министерствами проекта Закона Республики Казахстан "О государственном Пенсионном фонде Республики Казахстан", предусмотрев правовые основы механизма привлечения коммерческих организаций к уплате страховых взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстан с целью обеспечения обязательного участия таких организаций в формировании средств на выплату пенсии.<*>
      Сноска. Абзац третий утратил силу - постановлением Правительства РК от 26 марта 1997 г. N 419 P970419_ .
      4. Министерству социальной защиты населения Республики Казахстан и Государственному налоговому комитету Республики Казахстан в месячный срок внести согласованное предложение в Правительство Республики Казахстан о возможности привлечения обязательных платежей в Пенсионный фонд Республики Казахстан от физических лиц, занимающихся предпринимательской деятельностью, в составе взимаемых с указанных лиц патентов и сборов, создании механизма последующей передачи соответствующей части сумм патентов и сборов в Пенсионный фонд Республики Казахстан;
      рассмотреть вопросы внесения изменений и дополнений в действующее налоговое законодательство, связанные с привлечением дополнительных платежей в Пенсионный фонд Республики Казахстан.
      5. Государственному налоговому комитету Республики Казахстан:
      принять участие и оказать помощь Министерству социальной защиты населения Республики Казахстан в разработке механизма привлечения коммерческих организаций к уплате страховых взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстан и практическом внедрении его в действие;
      поручить подведомственным органам налоговой службы при проведении проверок деятельности налогоплательщиков в обязательном порядке проверять вопросы полноты и своевременности уплаты страховых взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстана, с последующим информированием органов социальной защиты населения.

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан