"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 1156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 38, 364-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн бұрын есептелген өсiмдердi есептен шығару жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеу бойынша пайда болған берешектi төлемшiлердiң өтеуi мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жоғарыда аталған Тәртiпке сәйкес бұрын есептелген өсiмдердi есептен шығару жұмысын 1997 жылдың 15 мамырына дейiн жүргiзсiн.
Жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1997 жылдың 1 маусымына баяндасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 455-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есеп алу және жұмсау операцияларын жүргiзу Тәртiбiнде:
42-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы Тәртiп мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдарға қолданылмайды".
44-тармақтың бесiншi және алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 1156 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 38, 364-құжат) 1-тармақтың бесiншi, алтыншы және жетiншi абзацтары алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 31 қаңтардағы
N 133 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру
жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн бұрын есептелген
өсiмдердi есептен шығару жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу
ТӘРТIБI
1. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 1156 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн 1997 жылдың 1 қаңтары жағдайындағы есептелген өсiмдер мiндеттi сақтандыру жарналары жөнiндегi негiзгi борыштың сомасы бойынша Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының алдындағы берешектi 1997 жылдың 1 маусымына дейiн толық өтейтiн төлемшiлер жөнiнде есептен шығару жүргiзiледi.
2. Жекелеген төлемшiлер бойынша өсiмдердi есептен шығару туралы мәселенi шешу үшiн облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң шешiмiмен облыстық, Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының жанынан арнаулы комиссиялар құрылады.
Комиссияның құрамына:
комиссияның төрағасы етiп - Қазақстан Республикасының облыстық, Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығын:
комиссияның мүшелерi етiп облыстық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, қаржы, экономика жөнiндегi, Ұлттық Банк басқармаларының, салық және басқа органдардың басшы қызметкерлерiн енгiзу ұсынылады.
3. Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмдiктердi нақты төлемшi бойынша есептен шығару оның жазбаша өтiнiшiн қарау нәтижелерi бойынша, егер төлемшi есеп жүргiзу мен өзiнiң есептемесiнде Зейнетақы қорына төлеуге тиiстi төлем сомасын бүкпесiз және толық көрсеткен жағдайда жүргiзiледi.
Өсiмдердi есептен шығарудың осы Тәртiбi мен есеп пен есептеме Зейнетақы қорына төленуге тиiстi төлем сомасын жасыру фактiлерiне жол берген төлемшiлерге, сондай-ақ уақтылы есеп айырыспауға және берешектiң пайда болуына объективтi себептер болмаған төлемшiлерге қолданылмайды.
Өсiмдердi есептен шығару туралы шешiмге кәсiпорынның (ұйымның) 1997 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша балансы негiз етiлiп алынады.
4. Осы Тәртiп бойынша нақты төлемшiден өсiмдердi тек бiр рет қана есептен шығару жүргiзiледi.
5. Егер 1997 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төлемшiнiң Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына негiзгi төлемдер сомасы бойынша берешегi болмай, өсiмдер бойынша берешегi бар болса, онда мұндай төлемшiлер бойынша өсiмдердi есептен шығару толық көлемде жүргiзiледi.
Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар бойынша, олардың Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеу фактiлерiне қарамастан, есептелген өсiмдер сомасы толық көлемде есептен шығарылуға жатады.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң органдары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi сақтандыру жарналары бойынша берешектiң негiзгi сомасын осы Тәртiпке сәйкес 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 мамырына дейiн, 1997 жылдың 1 қаңтарындағы қалыптасқан өсiмдердiң есептен шығарылуы мүмкiн екенi туралы төлемшiлердiң бәрiне жазбаша түрде, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да хабарлайды.
7. Өсiмдердi есептен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының облыстық, Алматы қалалық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларының жанындағы арнайы комиссиялар мына деректер мен материалдар негiзiнде қабылдайды:
өсiмдердi есептен шығарылатын кәсiпорындардың (ұйымдардың) тiзiмi, онда төлемшiнiң толық атауы, оның ведомстволық бағыныстылығы, мекен-жайы (орналасқан жерi), банктегi есеп айырысу шоты, кәсiпорынның балансы мен Зейнетақы қорының қаражаты бойынша есеп айырысу ведомостысы - 1996 жылдың қорытындысы бойынша N 4 нысан;
1997 жылдың 1 қаңтарына өтелуге тиiс және осы берешектiң өтелген күнiн және оны өтеу күнiн ол негiзделiп өтелген құжатты (төлем тапсырмасын, мемориалдық ордердi және басқаларды) көрсете отырып, өтелген берешектiң негiзгi сомасы бойынша;
оның қай кезеңге есептелуге тиiс екенiн көрсете отырып, 1997 жылдың 1 қаңтарына есептен шығарылуға жататын өсiмдер сомасы бойынша;
төлеуге тиiстi соманы уақтылы төлемеуiнiң нақты объективтi себептерiн көрсетумен, өсiмдердi есептен шығару қажеттiгi негiздемесiмен әрбiр кәсiпорын бойынша қорытындылар.
8. Арнайы комиссияның өсiмдердi есептен шығару туралы шешiмi комиссия төрағасы мен мүшелерiнiң қолымен куәландырылады және оны облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi бекiтедi.
9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң органдары әрбiр төлемшiнiң тұрғысында оның Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына негiзгi берешектерiн өтеген сомасын көрсете отырып, есептен шығарылған өсiмдер сомалары туралы есептi жасайды және Министрлiкке табыс етедi.
10. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 53-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi сақтандыру жарналарын қасақана төлемеушiлерге қатысты, соттарда күштеп банкротқа ұшырату туралы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң құқығы туралы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеушiлерге жазбаша хабарлайды.
11. Мәжбүрлеп банкротқа ұшырату туралы iстi қозғау мәселесiн шешу үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң жергiлiктi органдары 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде төлем мерзiмi басталған күннен бастап үш айдан астам уақыт бойына Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлеудi тоқтатып қойған төлемшiлер туралы мәлiметтердi Министрлiкке табыс етедi.