1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қарағанды 2-ГРЭС-i балансында тұрған мүлiктiк кешендi заңда белгiленген тәртiппен қабылдау-өткiзу актiсi бойынша өткiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қарағанды 2-ГРЭС-нiң мүлiктiк кешенiн голландық саудаластық ресiмдерiн қолдана отырып сату жөнiнде жабық инвестициялық тендер ұйымдастырып, өткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қарағанды 2-ГРЭС-нiң iшкi және сыртқы мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын.
4. "Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау
бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 мамырдағы N 663 қаулысына N 2 қосымшасынан "Қарағанды 2-ГРЭС" объектiсi алынып тасталсын. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi