1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
республикалық бюджет пен Республика ұланы үшiн жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған мердiгерлiк ұйымдардың төлемдер бойынша республикалық бюджетке жалпы сомасы 10494 (он миллион төрт жүз тоқсан төрт мың) теңге берешегi арасында оны қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып есептеме жүргiзсiн;
аталған соманы қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағаны үшiн кредиторлық берешегiн өтеуге Республика ұланын қаржыландыру есебiне есептесiн.
2. Қазақстан Республикасының Республика ұланы қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдарға орындаған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн кредиторлық қарызын қаржыландыру кезiнде бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiне есептесiн.
3. Қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдар Қазақстан Республикасы Республика ұланының дебиторлық қарызын республикалық бюджетке төлемдерi бойынша кредиторлық қарызын өтеу есебiнен есептесiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы "14" қазандағы N 1261 қаулысына қосымша
Мердiгерлiк ұйымдардың және олардың орындалған
жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн Республика ұланының кредиторлық қарызы есебiне есептемеге қабылданатын республикалық бюджетке төлемдерi бойынша берешектерiнiң ТIЗБЕСI теңге ______________________________________________________________________ і "Алматыоблтяжстрой" і Төлем түрлерi бойынша і і акционерлiк қоғамы і республикалық бюджетке іЖиыны N і мердiгерлiк салық і берешек сомасы і р\сітөлеушiлерiнiң-қосалқыі________________________________і і ұйымдарының атауы іҚосылған құнғаіЗаңды тұлғалардані і і салынатын і алынатын табыс і і ісалық бойынша і салығы бойынша і ______________________________________________________________________ 1 "Қайнар" ШМК 229841 229841 "Алатау" фирмасы 728200 1189933 1918133 2 "Құрылыс материалдары" акционерлiк қоғамы 2905003 2905003 3 "Алматыстройтранс" АҚ 502049 849969 1352018 4 АМБ "ОАЭМ АҚ" 616710 616710 5 "Алматыинжстрой" 3472474 3472474 Жиыны 7607726 2886453 10494179