Республика ұланының қарыздары бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 қазан N 1261

      Республика ұланының мердiгерлiк ұйымдарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағаны үшiн берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      республикалық бюджет пен Республика ұланы үшiн жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындаған мердiгерлiк ұйымдардың төлемдер бойынша республикалық бюджетке жалпы сомасы 10494 (он миллион төрт жүз тоқсан төрт мың) теңге берешегi арасында оны қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып есептеме жүргiзсiн;
      аталған соманы қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындағаны үшiн кредиторлық берешегiн өтеуге Республика ұланын қаржыландыру есебiне есептесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Республика ұланы қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдарға орындаған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн кредиторлық қарызын қаржыландыру кезiнде бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiне есептесiн.
      3. Қосымшада көрсетiлген мердiгерлiк ұйымдар Қазақстан Республикасы Республика ұланының дебиторлық қарызын республикалық бюджетке төлемдерi бойынша кредиторлық қарызын өтеу есебiнен есептесiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы "14" қазандағы N 1261 қаулысына қосымша


          Мердiгерлiк ұйымдардың және олардың орындалған

            жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн Республика
         ұланының кредиторлық қарызы есебiне есептемеге
          қабылданатын республикалық бюджетке төлемдерi 
                       бойынша берешектерiнiң
                              ТIЗБЕСI 
                                                          теңге
______________________________________________________________________
    і "Алматыоблтяжстрой"  і     Төлем түрлерi бойынша      і
    і  акционерлiк қоғамы  і     республикалық бюджетке     іЖиыны
 N  і  мердiгерлiк салық   і         берешек сомасы         і
 р\сітөлеушiлерiнiң-қосалқыі________________________________і
    і  ұйымдарының атауы   іҚосылған құнғаіЗаңды тұлғалардані
    і                      і  салынатын   і  алынатын табыс і
    і                      ісалық бойынша і  салығы бойынша і
______________________________________________________________________
 1   "Қайнар" ШМК                                229841       229841
     "Алатау" фирмасы         728200            1189933      1918133
 2   "Құрылыс материалдары"
      акционерлiк қоғамы     2905003                         2905003
 3   "Алматыстройтранс" АҚ    502049             849969      1352018
 4    АМБ "ОАЭМ АҚ"                              616710       616710
 5    "Алматыинжстрой"       3472474                         3472474

         Жиыны               7607726            2886453     10494179 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады