1. Электротехникалық өнiмдердi түстi металдар сынықтары мен қалдықтары түрiнде (алюминийлi және мысты өткiзгiштер, қуатты және байланыс кабельдерi, трансформаторлық шағын станцияларды iске қосқыштар мен элементтер) қабылдауды, өткiзудi, сатуды, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қабылдауды, өткiзудi, сатуды белгiлеуге Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының рұқсатымен ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасының Кеден комитет, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi түстi металдар сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының рұқсатынсыз әкетуге тыйым салуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi