Түстi металдардың сынықтарын дайындау мен сатуды тәртiпке келтiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 15 қазан N 1269. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.01. N 1214 қаулысымен. ~P981214

      Қазақстан Республикасының Энергетика, байланыс және өнеркәсiп кәсiпорындарының өмiрлiк маңызы бар объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, түстi металдарды, олардың сынықтары мен қалдықтарын ұрлауды, құрамында түстi металдар бар құралдар мен бұйымдарды бөлшектеудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Электротехникалық өнiмдердi түстi металдар сынықтары мен қалдықтары түрiнде (алюминийлi және мысты өткiзгiштер, қуатты және байланыс кабельдерi, трансформаторлық шағын станцияларды iске қосқыштар мен элементтер) қабылдауды, өткiзудi, сатуды, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қабылдауды, өткiзудi, сатуды белгiлеуге Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының рұқсатымен ғана жол берiледi.
      2. Қазақстан Республикасының Кеден комитет, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi түстi металдар сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасының Түстi және қара металдардың ұтымды пайдаланылуын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясының рұқсатынсыз әкетуге тыйым салуды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады