Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.02 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚазақстанРеспубликасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Z100291 қараңыз
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында зиянды заттардыжәне пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң тәртiбi туралыЕреже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 18 қазандағы
N 1286 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында зиянды заттарды
және пайдаланылған ағын суды жер
қойнауына көмудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму тәртiбi, сондай-ақ зиянды заттарды жинау, оларды жер қойнауына көмуге дайындық және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму кезiндегi талап етiлетiн құжаттар тiзбесi осы Ережемен белгiленедi.
2. Зиянды заттарды жер қойнауына көмудi қоршаған ортаның жер бетiнде және ашық жерлерде жатқан, қолдануға және қайта өңдеуге жарамайтын улы химикаттардан, сiлтiлерден, қышқылдардан, пайдалануға тыйым салынған өнiмдер мен материалдардан ластануын алдын-ала сақтандыруға бағытталған уақытша әрекет деп қарау керек. Болашақта көмiлген зиянды заттар мен пайдаланылған ағын сулар қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн технологияларды қолдана отырып пайдаға асыруға немесе жойылуға жатады.
3. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн тиiстi түрде жабдықталған табиғи жер асты қуыстары, кен шығарылған жерлер, скважиналар мен арнайы салынған қоймалар пайдаланылады.
4. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi бередi.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
қаулысымен. P980578_
5. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге рұқсат алу үшiн жер қойнауын пайдаланушы төмендегiдей құжаттарды тапсыруы тиiс:
зиянды заттарды және (немесе) пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге тапсырыс;
жер қойнауына көмуге жататын зиянды заттардың және (немесе) пайдаланылған ағын судың сипаттамасы;
зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн жер асты ғимараттарын салуға және пайдалануға беруге арналған лицензияның көшiрмесi;
осы жер ғимараттарын жергiлiктi тұрғындар мен қызметкерлер үшiн қауiпсiздiгi туралы тиiстi органдарының қорытындысы;
облыстық табиғатты қорғау мекемесiнiң қорытындысы.
6. Тапсырыс қоса берiлетiн құжаттарды көрсете отырып, мекеменiң фирмалық бланкiсiнде жасалады.
7. Жер қойнауына көмуге жататын зиянды заттар мен пайдаланылған ағын су туралы сипаттама мынадай мәлiметтерден:
өнiмнiң (материалдың) атауынан;
нәтижесiнде зат пайда болатын технологиялық өндiрiс немесе процесс туралы мағлұматтан;
заттың жеке сипаттамасы (өрт жарғыш қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтау кезiнде басқа заттармен қосылуы және басқа);
зиянды заттардың және пайдаланылған ағын судың жылдық көлемiнiң пайда болуы, пайдалану, зиянсыздандыру және сақтау;
пайдалануға және зиянсыздандыруға қолданылатын технологиялар туралы қысқаша мәлiметтерден;
зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жинау, тасымалдау және сақтау жүйесiнiң сипаттамасынан;
зиянды заттардың және пайдаланылған ағын судың толық химиялық құрамы мен қауiптiлiк сыныбын көрсететiн уландырғыш компоненттерiнiң мазмұнынан тұрады.
8. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму кезiнде санитарлық гигиена ережесiн сақтау туралы және жергiлiктi тұрғындарға, қызметкерлерге олардың зиянсыздығы туралы мәлiметтер болуы керек.
9. Кен қадағалау органдарының қорытындысында зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн жер асты ғимараттарының, құралдар мен қолданылатын жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
10. Табиғат қорғау жөнiндегi облыстық органның қорытындысында зиянды заттарды және (немесе) пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму шарттарының экологиялық қауiпсiздiгiн растауы керек.
11. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму жөнiндегi тапсырыс материалдары толық көлемде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiне берiледi және бұл құжаттар тапсырылған сәттен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Осы кезеңде рұқсат берiлуге немесе дәлелдi бас тартылуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
қаулысымен. P980578_
12. Рұқсатты ұзарту үшiн қажеттi материалдар Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiне, алдында берiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн тапсырылады.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
қаулысымен. P980578_
13. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көму үшiн жер асты ғимараттарын салу жобалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдiк берiлген органдарында сараптаудан өтуi керек.
14. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге байланысты жер асты ғимараттарын жобалауға инженерлiк-гидрогеологиялық зерттеулер кешенiнiң негiзiнде көмiлетiн зиянды заттар мен пайдаланған ағын судың белгiлi бiр шекарадан әрi жайылмау мүмкiндiгi туралы және олардың жер қойнауының көршiлес учаскелерiне және жерасты суларына қосылуын болғызбау кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi алынған анық геологиялық мәлiметтер болғанда ғана жол берiледi.
15. Зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды көму кезiнде олардың белгiлi бiр шекарадан әрi жайылмау мүмкiндiгi туралы және жер қойнауының көршiлес учаскелерiне тарамау кепiлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi анық геологиялық деректердiң болуы туралы мәлiметтер жер қойнауын пайдалану лицензиясында көрсетiледi.
16. Жер қойнауын пайдаланушылар зиянды заттарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмуге арналған жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға беру кезiнде:
халықтың өмiрi мен денсаулығын қорғауды;
табиғи ландшафттарды, жарамсыз болған жерлердi қайта өңдеу және өзге де геоморфологиялық құрылымдарды сақтауды;
жер қойнауының жоғары қабаттарының энергетикалық жағдайының қасиетiн жер сiлкiнiсiн, көшкiнiн, су басуды, жер астындағы судың тасуын болдырмау мақсатында сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.