1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасының кепiлдемесiмен 20 млн. АҚШ доллары сомасында шетел кредиттерiн тартуға рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен тиiстi келiсiм жасасын
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi