Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң шетел кредиттерiн тартуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 қазан N 1304

      Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тез өтiмдi және жоғары тиiмдi жобаларын қаржыландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасының кепiлдемесiмен 20 млн. АҚШ доллары сомасында шетел кредиттерiн тартуға рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен тиiстi келiсiм жасасын
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады