1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан және оның тапсыруымен швейцар кредит желiсi шеңберiнде кепiлшi болуға және заем алуға уәкiлеттiк берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жобаларды (өзiнiң iшкi тәртiбiне сәйкес) iрiктеп алып, оларға банктiк сараптама жүргiзсiн, оларды қаржыландыру үшiн қабылдап алсын, тиiстi кредиттiк келiсiмдер жасасын және әрбiр бөлек жобаны төлеуге арналған жеке кепiлдiк шығарсын. Төлеуге арналған жеке кепiлдiктерде олардың
осы қаулыға сәйкес шығарылғанның айғақтамасы болуы тиiс. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен тиiстi келiсiм жасасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi