Швейцарияның кредитi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 қазан N 1305

      Швейцария Үкiметiнiң кредиттiк кепiлдiктерi швейцар тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң берiлiмiн қамтамасыз ететiн жағдайда өзiнiң қаржылық қолдау бағдарламасы шеңберiнде ұсынған қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 P951208_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан және оның тапсыруымен швейцар кредит желiсi шеңберiнде кепiлшi болуға және заем алуға уәкiлеттiк берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жобаларды (өзiнiң iшкi тәртiбiне сәйкес) iрiктеп алып, оларға банктiк сараптама жүргiзсiн, оларды қаржыландыру үшiн қабылдап алсын, тиiстi кредиттiк келiсiмдер жасасын және әрбiр бөлек жобаны төлеуге арналған жеке кепiлдiк шығарсын. Төлеуге арналған жеке кепiлдiктерде олардың

осы қаулыға сәйкес шығарылғанның айғақтамасы болуы тиiс.
     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулыны жүзеге
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт
банкiмен тиiстi келiсiм жасасын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады