Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған бюджетiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 қазандағы N 1306

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiсi бойынша 23261,0 млн. теңге, шығысы бойынша 23261,0 млн. теңге болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған бюджетi мыналардың есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн:
      жыл басындағы қаражат қалдығынан - 17,0 млн. теңге;
      кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданушы заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ақы қоры бөлiгiндегi шетелдiк қатысушы заңды тұлғалар мен шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдерiн қоса) және азаматтардың 10500,0 млн. теңге сомасындағы сақтандыру жарналарының аударымдарынан;
      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жұмыс iстемейтiн халықты сақтандыру үшiн облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң 12104,0 млн. теңге сомасындағы сақтандыру төлемдерiнен;
      мемлекеттiк бағалы қағаздарға және банктердiң депозиттерiне уақытша басы бос қаражатты салудан алынған кiрiстерден - 20,0 млн. теңге;
      бланк өнiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi шығындардың орнын толтырудан - 70,0 млн теңге;
      басқа да кiрiстерден - 550,0 млн. теңге.
      3. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мiндеттi медициналық сақтандыру қорынан мыналарға қаржы бағытталсын:
      мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберiнде медициналық қызмет көрсетулерге төлем - 22318,0 млн. теңге, оның iшiнде заңды тұлғалардың сақтандыру төлемдерiнiң нормалық сақтандыру запасын жасақтауға (20 процент), бұлар мiндеттi медициналық сақтандырудағы базалық бағдарлама көлемiнде және денсаулық сақтауды дамытудағы мақсатты бағдарламаны қаржыландыруда азаматтарға медициналық көмек көрсетудiң көлемi мен сапасын теңестiру үшiн пайдаланылады - 2100, 0 млн. теңге;
      мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн (қалыптастыруға) бiр жолғы шығыстар - 133,0 млн. теңге;
      Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын ұстау және әлеуметтiк дамытуға арналған шығыстар - 650,0 млн. теңге;
      1995 жылы алынған бюджеттiк несиенi қайтару - 10,0 млн. теңге;
      бланк өнiмiн әзiрлеу жөнiндегi шығыстар - 70,0 млн. теңге;
      басқа шығыстар - 80,0 млн. теңге.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi сақтандыру қорының алымын толық және уақтылы қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi

медициналық сақтандыру қоры Үкiметтiң қабылдаған шешiмдерiне сәйкес
қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ
шығыстардың кiрiстерден асып кетуiне жол бермесiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                         Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                         1996 жылғы 29 қазандағы
                                             N 1306 қаулысына
                                                    қосымша

             Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi
             медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған
                                бюджетi

                       КIРIСТЕР                     (млн.теңге)

     1. Жыл басында қалған қаражат                           17
     2. Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданушы заңды
        тұлғалардың (Қазақстан Республикасы азаматтарының
        еңбек жалақысы қорының бөлiгiндегi шетелдiк
        қатысушысы заңды тұлғалар мен шетелдiк заңды
        тұлғалар өкiлдерiн қоса) және азаматтардың
        сақтандыру жарнасын аудару                          10500
     3. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы"
        Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
        21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар жарлығына
        сәйкес жұмыс iстемейтiн халыққа арналған облыстар
        мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң сақтандыру
        төлемдерi                                           12104
     4. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға және банктер
        депозиттерiне уақытша айналымдағы қаражаттарды
        қосудан алынған кiрiстер                            20
     5. Банк өнiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi шығындардың
        орнын толтыру                                       70
     6. Басқа кiрiстер                                      550
        кiрiстер жиыны                                      23261

                         ШЫҒЫСТАР             (млн. теңге)

     1. Мiндеттi медициналық сақтандыру базалық
        бағдарламасы шеңберiндегi медициналық қызмет
        төлемi оның iшiнде заңды тұлғалардың сақтандыру
        төлемдерiнiң нормалық сақтандыру запасын            22318
        жасақтау (20 процент)                               2100
     2. Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн
        қалыптастыруға арналған бiржолғы шығыстар           133
     3. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы
        Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын Ұстау,
        әлеуметтiк дамытуға арналған шығыстар               650
     4. 1995 жылы алынған бюджеттiк несиенi қайтару         10
     5. Бланк өнiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi шығыстар          70
     6. Басқа шығыстар                                      80
        Шығыстар жиыны                                      23261
      
      


Об утверждении бюджета Фонда обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан на 1996 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 октября 1996 г. N 1306

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить бюджет Фонда обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан на 1996 год по доходам в сумме 23261,0 млн. тенге, по расходам 23261,0 млн. тенге согласно приложению.
      2. Установить, что доходы бюджета Фонда обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан на 1996 год формируются за счет:
      остатка средств на начало года - 17,0 млн. тенге;
      отчислений страховых взносов юридических лиц (включая юридические лица с иностранным участием и представительства иностранных юридических лиц в части фонда заработной платы граждан Республики Казахстан) и граждан, занимающихся предпринимательской деятельностью, в сумме 10500,0 млн. тенге;
      страховых платежей из бюджетов областей и г. Алматы для страхования неработающего населения в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 21 декабря 1995 г. N 2700 U952700_ "О республиканском бюджете на 1996 год" в сумме 12104,0 млн. тенге;
      доходов от вложения временно свободных средств в государственные ценные бумаги и депозиты банков - 20,0 млн. тенге;
      возмещения расходов по изготовлению бланочной продукции - 70,0 млн. тенге;
      прочих доходов - 550,0 млн. тенге.
      3. Направить в 1996 году ассигнования из Фонда обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан на:
      оплату медицинских услуг в рамках базовой программы обязательного медицинского страхования - 22318,0 млн. тенге, в том числе на формирование нормированного страхового запаса от страховых платежей юридических лиц (20 процентов), который используется для выравнивания объема и качества предоставляемой гражданам медицинской помощи в объеме базовой программы обязательного медицинского страхования, и финансирование целевых программ развития здравоохранения - 2100,0 млн. тенге;
      единовременные расходы на становление системы обязательного медицинского страхования - 133,0 млн. тенге;
      расходы на содержание и социальное развитие Фонда обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан - 650,0 млн. тенге;
      возврат бюджетной ссуды, полученной в 1995 году - 10,0 млн. тенге;
      расходы по изготовлению бланочной продукции - 70,0 млн. тенге;
      прочие расходы - 80,0 млн. тенге.
      4. Фонду обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан, акимам областей и г. Алматы принять необходимые меры по обеспечению полного и своевременного сбора страховых платежей.
      5. Фонду обязательного медицинского страхования при Правительстве Республики Казахстан обеспечить целевое использование средств в соответствии с принятыми решениями Правительства, а также не допускать превышения расходов над доходами.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан


                                            Приложение

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 29 октября 1996 г. N 1306


         Бюджет Фонда обязательного медицинского страхования

         при Правительстве Республики Казахстан на 1996 год

                               ДОХОДЫ
                                                        (млн.тенге)

1. Остаток средств на начало года                             17

2. Отчисления страховых взносов юридических лиц
   (включая юридические лица с иностранным участием
   и представительства иностранных юридических лиц
   в части фонда заработной платы граждан
   Республики Казахстан) и граждан, занимающихся
   предпринимательской деятельностью                      10 500

3. Страховые платежи из бюджетов областей и
   г. Алматы для неработающего населения, в
   соответствии с Указом Президента
   Республики Казахстан, имеющего силу
   Закона от 21 декабря 1995 г. N 2700
   "О Республиканском бюджете на 1996 год"                12 104

4. Доходы от вложения временно свободных
   средств в государственные ценные бумаги
   и депозиты банков                                          20

5. Возмещение расходов по изготовлению
   бланочной продукции                                        70

6. Прочие доходы                                             550

   Итого доходов                                          23 261

                              РАСХОДЫ
                                                      (млн.тенге)

1. Оплата медицинских услуг в рамках базовой
   программы обязательного медицинского
   страхования,                                           22 318
   в том числе формирование нормированного
   страхового запаса от страховых платежей
   юридических лиц (20 процентов)                          2 100

2. Единовременные расходы на становление
   системы обязательного медицинского
   страхования                                               133

3. Расходы на содержание, социальное развитие Фонда
   обязательного медицинского страхования при
   Правительстве Республики Казахстан                        650

4. Возврат бюджетной ссуды, полученной в 1995 году            10

5. Расходы по изготовлению бланочной продукции                70

6. Прочие расходы                                             80

   Итого расходов                                         23 261