1. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiсi бойынша 23261,0 млн. теңге, шығысы бойынша 23261,0 млн. теңге болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған бюджетi мыналардың есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн:
жыл басындағы қаражат қалдығынан - 17,0 млн. теңге;
кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданушы заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ақы қоры бөлiгiндегi шетелдiк қатысушы заңды тұлғалар мен шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдерiн қоса) және азаматтардың 10500,0 млн. теңге сомасындағы сақтандыру жарналарының аударымдарынан;
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес жұмыс iстемейтiн халықты сақтандыру үшiн облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң 12104,0 млн. теңге сомасындағы сақтандыру төлемдерiнен;
мемлекеттiк бағалы қағаздарға және банктердiң депозиттерiне уақытша басы бос қаражатты салудан алынған кiрiстерден - 20,0 млн. теңге;
бланк өнiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi шығындардың орнын толтырудан - 70,0 млн теңге;
басқа да кiрiстерден - 550,0 млн. теңге.
3. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мiндеттi медициналық сақтандыру қорынан мыналарға қаржы бағытталсын:
мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберiнде медициналық қызмет көрсетулерге төлем - 22318,0 млн. теңге, оның iшiнде заңды тұлғалардың сақтандыру төлемдерiнiң нормалық сақтандыру запасын жасақтауға (20 процент), бұлар мiндеттi медициналық сақтандырудағы базалық бағдарлама көлемiнде және денсаулық сақтауды дамытудағы мақсатты бағдарламаны қаржыландыруда азаматтарға медициналық көмек көрсетудiң көлемi мен сапасын теңестiру үшiн пайдаланылады - 2100, 0 млн. теңге;
мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн (қалыптастыруға) бiр жолғы шығыстар - 133,0 млн. теңге;
Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын ұстау және әлеуметтiк дамытуға арналған шығыстар - 650,0 млн. теңге;
1995 жылы алынған бюджеттiк несиенi қайтару - 10,0 млн. теңге;
бланк өнiмiн әзiрлеу жөнiндегi шығыстар - 70,0 млн. теңге;
басқа шығыстар - 80,0 млн. теңге.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi сақтандыру қорының алымын толық және уақтылы қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi
медициналық сақтандыру қоры Үкiметтiң қабылдаған шешiмдерiне сәйкес қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ шығыстардың кiрiстерден асып кетуiне жол бермесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 1306 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының 1996 жылға арналған бюджетi КIРIСТЕР (млн.теңге) 1. Жыл басында қалған қаражат 17 2. Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданушы заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек жалақысы қорының бөлiгiндегi шетелдiк қатысушысы заңды тұлғалар мен шетелдiк заңды тұлғалар өкiлдерiн қоса) және азаматтардың сақтандыру жарнасын аудару 10500 3. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар жарлығына сәйкес жұмыс iстемейтiн халыққа арналған облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң сақтандыру төлемдерi 12104 4. Мемлекеттiк бағалы қағаздарға және банктер депозиттерiне уақытша айналымдағы қаражаттарды қосудан алынған кiрiстер 20 5. Банк өнiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi шығындардың орнын толтыру 70 6. Басқа кiрiстер 550 кiрiстер жиыны 23261 ШЫҒЫСТАР (млн. теңге) 1. Мiндеттi медициналық сақтандыру базалық бағдарламасы шеңберiндегi медициналық қызмет төлемi оның iшiнде заңды тұлғалардың сақтандыру төлемдерiнiң нормалық сақтандыру запасын 22318 жасақтау (20 процент) 2100 2. Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн қалыптастыруға арналған бiржолғы шығыстар 133 3. Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорын Ұстау, әлеуметтiк дамытуға арналған шығыстар 650 4. 1995 жылы алынған бюджеттiк несиенi қайтару 10 5. Бланк өнiмдерiн әзiрлеу жөнiндегi шығыстар 70 6. Басқа шығыстар 80 Шығыстар жиыны 23261