"Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының құрылымдық бөлiмшелерiн қайта жаңғырту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 17 қазандағы N 1279 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Павлодар облысының әкiмiне құрылған акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және билiк ету құқығында берiлсiн"; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi