"Казпочтабанк" акционерлiк банкiнде мемлекеттiк акциялар пакетiн сату және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанынан базалық банк операцияларын жүзеге асыру жөнiндегi Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорындарының ақшалай есеп айырысу басқармасын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қараша N 1388

      Екiншi деңгейдегi банктердi жекешелендiру бағдарламасына сәйкес және республиканың бүкiл аумағында халыққа базалық банк қызметiн көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өзiнiң "Казпочтабанк" акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiне ие болу, басқару және иелiк ету өкiлеттiгiн тоқтатсын және бiр ай мерзiмде бұл өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Казпочтабанк" акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн сату үшiн конкурстық негiзде таңдап алынған қор биржасына шығарсын.
      3."Казпочтабанк" акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың арнаулы шотына есептелсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнының құрылымында Ақшалай есеп айырысу басқармасын құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнының жаңадан құрылған Ақшалай есеп айырысу басқармасының клирингтiк есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу үшiн қажеттi құжаттамаларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тапсырсын.
      6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 тамыздағы N 1158 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 180 қаулысының 1-тармағының төртiншi абзацы және 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


О реализации государственного пакета акций в акционерном банке "Казпочтабанк" и создании Управления денежных расчетов Республиканского государственного предприятия почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан по совершению базовых банковских операций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 1996 г. N 1388

      В соответствии с программой приватизации банков второго уровня и в целях предоставления базовых банковских услуг населению всеми регионами республики Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом прекратить свои полномочия по владению, управлению и распоряжению государственным пакетом акций акционерного банка "Казпочтабанк" и в месячных срок передать эти полномочия Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации.
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации выставить для реализации государственный пакет акций акционерного банка "Казпочтабанк" на фондовой бирже, выбранной на конкурсной основе.
      3. Поступившие средства от реализации государственного пакета акций акционерного банка "Казпочтабанк" зачислить на специальных счет Казначейства при Министерстве финансов Республики Казахстан.
      4. Согласиться с предложением Министерства финансов Республики Казахстан о создании в структуре Республиканского государственного предприятия почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан с 1 января 1997 года Управления денежных расчетов.
      5. Республиканскому государственному предприятию почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан разработать и представить в Национальный Банк Республики Казахстан необходимую документацию для получения лицензии на совершение расчетно-клиринговых операций вновь создаваемым Управлением денежных расчетов Республиканского государственного предприятия почтовой связи при Министерстве транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      6. Признать утратившими силу абзац четвертый пункта 1 и пункт 2

постановления Правительства Республики Казахстан от 8 февраля 1996 г.
N 180  

P960180_

  "О внесении изменений и дополнения в постановление
Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 августа 1995 г.
N 1158.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан