1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өзiнiң "Казпочтабанк" акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiне ие болу, басқару және иелiк ету өкiлеттiгiн тоқтатсын және бiр ай мерзiмде бұл өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Казпочтабанк" акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн сату үшiн конкурстық негiзде таңдап алынған қор биржасына шығарсын.
3."Казпочтабанк" акционерлiк банкiнiң мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен қаражат Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың арнаулы шотына есептелсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнының құрылымында Ақшалай есеп айырысу басқармасын құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнының жаңадан құрылған Ақшалай есеп айырысу басқармасының клирингтiк есеп айырысу операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу үшiн қажеттi құжаттамаларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тапсырсын.
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 22 тамыздағы N 1158 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 180 қаулысының 1-тармағының төртiншi абзацы және 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi