Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 қараша N 1405. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001.12.19. N 1660 қаулысымен. ~P011660

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 U952198_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат) және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) Заң күшi бар Жарлықтарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 шiлдедегi N 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 278-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер

 

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы

N 987 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПАҮЖ-ы, 1996 ж.,

N 33, 313-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 18-тармағы.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi


                                            Қазақстан Республикасы

                                                  Үкiметiнiң

                                           1996 жылғы 19 қарашадағы

                                               N 1405 қаулысымен

                                                  БЕКIТIЛГЕН


               Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу

                 үшiн алым төлеу тәртiбi туралы

                             ЕРЕЖЕ


                    I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2198 және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi және күшiне енедi.
      2. Ереже құрылған, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн бюджетке алым төлеу мен есептеме жасау, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын беру тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуге заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлiгiн тексеру, оларға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы тiркеу нөмiрiн бере отырып тiркеу куәлiгiн беру, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды.
      Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
 
                    II. Алым төлеушiлер
 
      4. Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын, қайта ұйымдастырылатын және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеушiлер болып табылады.
 
                    III. Алым төлеуден босату
 
      5. Тiркеу алымын төлеуден мыналар босатылады:
      Азаматтық кодекс (жалпы бөлiм) күшiне енгенге дейiн құрылған және Азаматтық кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ережелерге сәйкес әдiлет органдарында қайта тiркелуге жататын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi;
      Азаматтық кодекс (жалпы бөлiм) ресми түрде жарияланғанға дейiн Азаматтық кодексте (жалпы бөлiм) көзделмеген ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған және Азаматтық кодексте (жалпы бөлiм) көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған заңды тұлғалар.
 
                    IҮ. Алым ставкалары
 
      6. Бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын құрылған мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiн олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған бiр есептi көрсеткiштiң мөлшерiнде алынады.
      балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) тіркеу үшін алым, оны төлеген күнгі қолданылған есеп көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алынады;
      Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған есептi көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерiнде алынады.
      Өзге де заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) тiркеу үшiн алым оны төлеген күнгi қолданылған есептi көрсеткiштiң жиырма еселенген мөлшерiнде алынады.
      ЕСКЕРТУ. 2-абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.15.
               N 640 қаулысымен. P010640_
      Ескерту. 6-тармақтың 3,4-абзацтарының күші 2001 жылғы 4 шілдеден
               10 қазанға дейін тоқтатыла тұрсын - ҚР Үкіметінің
               2001.06.01. N 751 қаулысымен. P010751_
      7. Бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының бiрiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады.
      Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) қайта тіркеу үшін алым 50 пайыз, ал оларға мемлекеттік (есепті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі берілген жағдайда - Ереженің 6-тармағының үшінші абзацында көзделген ставканың 25 пайызы мөлшерінде алынады.
      Шағын кәсiпкерлiктiң субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының екiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады.
      Өзге де заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк (есептi) қайта тiркеу үшiн алым Ереженiң 6-тармағының үшiншi абзацында көзделген ставканың 50 процентi, ал оларға мемлекеттiк (есептi) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi берiлген жағдайда - 25 процентi мөлшерiнде алынады.
      ЕСКЕРТУ. 6-7-тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.08.19.
               N 1264 қаулысымен. P971264_
      ЕСКЕРТУ. 2-абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.15.
               N 640 қаулысымен. P010640_
      8. Өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым алымды төлеген күнгi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде алынады.
 
                    Ү. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
 
      9. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу және тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын бергенi үшiн алымды тiркеу (қайта тiркеу) немесе дубликатты беру туралы өтiнiш бергенге дейiн дербес төлейдi.
      10. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу үшiн, сондай-ақ оларға тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын бергенi үшiн алым жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне аударым жасауға жатады.
      11. Тiркеушi органға заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта

 

тiркеу), заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң

дубликатын бергенi үшiн алым төленгенi туралы квитанция немесе төлем

тапсырмасының көшiрмесi табыс етiледi.

     12. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас

тартқан кезде төленген алым қайтаруға жатпайды.

     13. Осы Ереженiң 5-тармағында белгiленген жағдайлардан басқа

кезде алым сомасын төлемей тiркеудi (қайта тiркеудi) жүзеге асыруға

тыйым салынады.


                   ҮI. Жауапкершiлiк


     14. Алымды дұрыс, толық әрi уақтылы төлеу жауапкершiлiгi

төлеушiге жүктеледi.

     15. Тiркелмеген заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салынады, ал

мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) өтпеген қызметтен алынған

табыстар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық

бюджеттiң кiрiсiне алынады.


              ҮII. Заңды тұлғаларды тiркеу үшiн

                    алым төлеуге бақылау жасау


     16. Бюджетке алымды толық төлеуге және уақтылы аударуға бақылау

жасауды тiркеу органдары жүзеге асырады.






Об утверждении Положения о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1996 г. N 1405 . (Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 декабря 2001 г. N 1660 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) ~P011660 }

      Во исполнение Указов Президента Республики Казахстан, имеющих силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2198 "О государственной регистрации юридических лиц" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 35) и от 24 апреля 1995 г. N 2235 "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 6, ст. 43) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц.
      2. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 13 июля 1995 г. N 967 "Об утверждении Положения о порядке уплаты сбора за государственную регистрацию юридических лиц" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 24, ст. 278);
      пункт 18 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 августа 1996 г. N 987 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 33, ст. 313).

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                   Утверждено
                                          постановлением Правительства
                                              Республики Казахстан
                                          от 19 ноября 1996 г. N 1405

                               П О Л О Ж Е Н И Е
                    о порядке уплаты сбора за государственную
                             регистрацию юридических лиц

                            I. Общие положения
 
             1. Настоящее Положение разработано и вводится в действие в соответствии с Указами Президента Республики Казахстан, имеющими силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2198 "О государственной регистрации юридических лиц" и от 24 апреля 1995 г. N 2235 "О налогах и других обязательных платежах в бюджет".
      2. Положение устанавливает порядок уплаты и зачисления в бюджет сбора за государственную регистрацию созданных, реорганизованных и прекративших свою деятельность юридических лиц, их филиалов и представительств, выдачу дубликата свидетельства о государственной регистрации юридического лица.
      3. Государственная регистрация юридических лиц включает в себя проверку соответствия учредительных документов юридических лиц законам Республики Казахстан, выдачу им свидетельства о государственной регистрации с присвоением регистрационного номера, занесение сведений о юридических лицах в единый государственный регистр.
      Государственную регистрацию юридических лиц осуществляют Министерство юстиции Республики Казахстан и его территориальные органы.

                         II. Плательщики сбора

      4. Плательщиками сбора за государственную регистрацию являются создаваемые, реорганизуемые и прекратившие свою деятельность юридические лица, а также их филиалы и представительства на территории Республики Казахстан.

                   III. Освобождение от уплаты сбора

      5. От уплаты регистрационного сбора освобождаются:
      юридические лица, их филиалы и представительства, созданные до введения в действие Гражданского кодекса (общая часть) и подлежащие перерегистрации в органах юстиции в соответствии с правилами, предусмотренными Гражданским кодексом (общая часть);
      юридические лица, образованные до официального опубликования Гражданского кодекса (общая часть) в организационно-правовых формах, не предусмотренных Гражданским кодексом (общая часть), и принявшие решение о преобразовании в организационно-правовые формы, предусмотренные Гражданским кодексом (общая часть).

                            IV. Ставки сбора

      6. Сбор за государственную (учетную) регистрацию создаваемых учреждений, финансируемых из средств бюджета, казенных предприятий и кооперативов собственников помещений (квартир), их филиалов и представительств взимается в размере одного расчетного показателя, действующего на день уплаты сбора.
      Сбор за государственную (учетную) регистрацию детских и молодежных общественных объединений, их филиалов и представительств взимается в размере двукратного расчетного показателя, действующего на день уплаты сбора.
      Сбор за государственную (учетную) регистрацию юридических лиц, являющихся субъектами малого предпринимательства, их филиалов и представительств взимается в размере пятикратного расчетного показателя, действующего на день уплаты сбора.
      Сбор за государственную (учетную) регистрацию иных юридических лиц, их филиалов и представительств взимается в размере двадцатикратного расчетного показателя, действующего на день уплаты сбора.<*>
      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правительства РК от 19 августа 1997 г. N 1264 P971264_ . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 15 мая 2001 г. N 640 P010640_ . Действие абзацев третьего и четвертого пункта 6 приостановлено с 4 июля по 4 октября 2001 г. - постановлением Правительства РК от 1 июня 2001 г. N 751 P010751_ .

      7. Сбор за государственную (учетную) перерегистрацию учреждений, финансируемых из средств бюджета, казенных предприятий и кооперативов собственников помещений (квартир), их филиалов и представительств взимается в размере 50 процентов, а в случае выдачи им дубликата свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) - 25 процентов от ставки, предусмотренной абзацем первым пункта 6 Положения.
      Сбор за государственную (учетную) перерегистрацию детских и молодежных общественных объединений, их филиалов и представительств взимается в размере 50 процентов, а в случае выдачи им дубликата свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) - 25 процентов от ставки, предусмотренной абзацем третьим пункта 6 Положения.
      Сбор за государственную (учетную) перерегистрацию юридических лиц, являющихся субъектами малого предпринимательства, их филиалов и представительств взимается в размере 50 процентов, а в случае выдачи им дубликата свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) - 25 процентов от ставки, предусмотренной абзацем вторым пункта 6 Положения.
      Сбор за государственную (учетную) перерегистрацию иных юридических лиц, их филиалов и представительств взимается в размере 50 процентов, а в случае выдачи им дубликата свидетельства о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) - 25 процентов от ставки, предусмотренной абзацем третьим пункта 6 Положения.<*>
      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления Правительства РК от 19 августа 1997 г. N 1264 P971264_ . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 15 мая 2001 г. N 640 P010640_ .
      8. Сбор за государственную регистрацию прекративших свою деятельность юридических лиц, их филиалов и представительств взимается в размере одного месячного расчетного показателя, действующего на дату уплаты сбора.

                      V. Порядок и сроки уплаты сбора

      9. Сбор за государственную регистрацию и выдачу дубликата свидетельства о регистрации юридические лица, их филиалы и представительства уплачивают самостоятельно до подачи заявления о регистрации (перерегистрации) или выдачи дубликата.
      10. Сбор за государственную регистрацию и перерегистрацию юридических лиц, их филиалов и представительств, а также выдачу им дубликата свидетельства о регистрации подлежит перечислению в доход местного бюджета.
      11. В регистрирующий орган представляется квитанция или копия платежного поручения об уплате сбора за государственную регистрацию (перерегистрацию) юридического лица, выдачу дубликата свидетельства о регистрации (перерегистрации) юридических лиц.
      12. При отказе в государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица уплаченный сбор возврату не подлежит.
      13. Запрещается осуществление регистрации (перерегистрации) без уплаты суммы сбора, за исключением случаев, определенных пунктов 5 настоящего Положения.

                          VI. Ответственность

      14. Ответственность за правильность, полноту и своевременность уплаты сбора возлагается на плательщика.
      15. Деятельность незарегистрированного юридического лица запрещается, а доходы, полученные от деятельности без государственной регистрации (перерегистрации), изымаются в доход республиканского бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

                   VII. Контроль за уплатой сбора за
                       регистрацию юридических лиц
 

      16. Контроль за полнотой уплаты и своевременностью перечисления сбора в бюджет осуществляется регистрирующими органами.