"Құқық қорғау және сот органдарының арнаулы шоты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 1192 P961192_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының атауы мен 1-тармағынан "және сот" деген сөздер алынып тасталсын;
қаулының мәтiнiндегi "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "Мемлекеттiк тергеу комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеу сомасынан, соттың үкiмi бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi, сондай-ақ соттың шешiмi бойынша қылмыскерлерден тәркiленiп алынған барлық көлiк құралдарды, ұйымдастыру техникалары және байланыс құралдарын сатудан түскен қаражаттан 50 процент мөлшерiнде аударым";
үшiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша, бiр ай мерзiмде, нығайту үшiн аталған арнаулы шоттың қаражаты берiлетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының тiзбесiн айқындасын";
3, 4, 5-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6-тармақтар болып саналсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi