Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 1192 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 қараша N 1434. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.24. N 132 қаулысымен. ~P980132

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Құқық қорғау және сот органдарының арнаулы шоты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 1192 P961192_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      қаулының атауы мен 1-тармағынан "және сот" деген сөздер алынып тасталсын;
      қаулының мәтiнiндегi "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер "Мемлекеттiк тергеу комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекетке келтiрiлген зиянды өтеу сомасынан, соттың үкiмi бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi, сондай-ақ соттың шешiмi бойынша қылмыскерлерден тәркiленiп алынған барлық көлiк құралдарды, ұйымдастыру техникалары және байланыс құралдарын сатудан түскен қаражаттан 50 процент мөлшерiнде аударым";
      үшiншi абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша, бiр ай мерзiмде, нығайту үшiн аталған арнаулы шоттың қаражаты берiлетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының тiзбесiн айқындасын";
      3, 4, 5-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6-тармақтар болып саналсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады