1996 жылғы желтоқсан айында еңбекшiлердiң демалысына қолайлы
жағдай жасау және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 1996 жылдың 14 желтоқсаны сенбiдегi демалыс күнi 1996 жылғы
17 желтоқсандағы сейсенбiге көшiрiлсiн.
2. Қажеттi өнiм шығаруға, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске
қосуға арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ комитетiнiң келiсiмiмен
1996 жылдың 17 желтоқсанында жұмыс жүргiзу құқығы берiлсiн.
Аталған күнгi жұмыс үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтем
жасалады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi