1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп есептемеге алынатын, берiлiп отырған тiзбеге сәйкес жобалау-iздестiру ұйымдарының салық төлемдерi бойынша республикалық бюджетке жалпы сомасы 10284 мың (он миллион екi жүз сексен төрт мың) теңге берешегiн өтеудi жүргiзсiн;
аталған сома жобалау-iздестiру ұйымдарының орындаған жұмысына
берешектерiн өтеу үшiн республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң операциялық шығыстарды қаржыландыру есебiне есептелсiн. 2. Берешек есептемесi 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiгiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 қарашадағы N 1449 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қаржыландыру есебiне есептеме қабылданатын республикалық бюджетке салық көлемдерi бойынша берешектерi бар ұйымдардың ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Ұйымдардың атаулары | Есептемеге қабылданатын | берешек сомасы (мың теңге) |_____________________________ | Барлығы| оның iшiнде | |____________________ | | ҚҚС |Заңды | | |тұлғалардан | | |алынатын | | |табыс салығы ___________________________________________________________________ Мемлекеттiк жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталық (мемжерГОО), Алматы қаласы 5067 3079 1988 Мемжер ҒӨО Ақтөбе бөлiмшесi 390 201 119 Мемжер ҒӨО Алматы бөлiмшесi 128 128 - Мемжер ҒӨО Қостанай бөлiмшесi 80 80 - Мемжер ҒӨО-ның кешендi iздестiру бөлiмi, Алматы қаласы 3428 2365 1063 Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық зерттеулер институты 1261 1261 - Жиыны 10284 7114 3170