Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 646 P960646_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мұнай операцияларын жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, ал бiрлескен кәсiпорындар құру кезiнде - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң келiсiмiмен";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Табиғи ресурстарды өндiретiн кәсiпорындарды, олардың салалық тиесiлiгiне қарамастан жекешелендiру немесе мүлiктiк жалдау (концессия) жағдайында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"Кәсiпорындарды жекешелендiруге әзiрлеудi және инвесторлармен
осы процеске қатысты келiссөздер жасауды тиiстi салалық министрлiктер
жүзеге асырады деп белгiленсiн";
5-тармақ 6-тармақ деп саналсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi