"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2.
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.30.
N 1458 қаулысымен. P961458_
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851
қаулысымен. P970851_
3. Облыстардың әкiмдерi тиiстi-әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктiң шекарасында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша коммерциялық мақсаттарда кең таралған пайдалы қазбаларды өндiруге арналған контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органдарды айқындасын.
4. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне және оның аумақтық бөлiмшелерiне кең таралғандарды қоса алғанда пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған контрактiлердi тiркеуге өкiлеттiк берiлсiн.
5. Кәсiпорындарды жекешелендiруге әзiрлеудi және инвесторлармен осы процеске қатысты келiссөздер жасауды тиiстi салалық министрлiктер жүзеге асырады деп белгiленсiн.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 5-тармақпен толықтырылды, 5-тармақ 6-тармақ болып
саналды - ҚРҮ-нiң 1996.11.30. N 1458 қаулысымен.
P961458_
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзырлы органы мен жұмыс iстеп тұрған тау-кен өндiру (мұнайгаз) кәсiпорыны арасындағы Пайдалы қазба кенiнен кен өндiрудi жүзеге асырудың модельдiк шартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 маусымдағы N 882 P950882_ қаулысының 2- тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
27 мамырдағы
N 646 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында
жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны
орындау жөнiндегi Құзыреттi органы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасау және оны орындау жөнiндегi Құзыреттi органы (бұдан әрi - Құзыреттi орган) Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдаланушылармен контрактiлер жасаумен және оны орындаумен тiкелей байланысты құқық беретiн мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Құзыреттi орган өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Құзыреттi орган:
Қазақстан Республикасы мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
жер қойнауын пайдалануға лицензиясы болған кезде ғана контракт жасауға;
контракт шарттарының лицензиялық шарттармен сәйкес келуiн қамтамасыз етуге;
контрактiлердi экономикалық, салықтық және экологиялық сараптамалар жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген мемлекеттiк органдарға жолдауға;
мемлекеттiк сараптау мен пайдалы қазбалар кен орындарының қорларын бағалаудан кейiн оны өндiруге контракт жасасуға;
контрактiнi әзiрлеу және контрактiнiң шарттарын лицензияда көрсетiлген мерзiмдерде орындау үшiн толықтай жауапкершiлiк жүктеуге;
контракт шарттарының экономикалық, салықтық сараптаманың нәтижелерiне сәйкес келуiн қамтамасыз етуге;
оны контрактiнiң тараптары қол қойған күннен бастап 10 күннiң iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген тiркеу органдарына жолдауға мiндеттi.
4. Құзыреттi органның функциясына:
жер қойнауын пайдаланушымен (лицензиятпен) контрактiнiң шарттары туралы келiссөздер жүргiзу және жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын әзiрлеу;
контрактiге қол қою;
контрактiнi Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген органға (тiркеу органына) мемлекеттiк тiркеуге ұсыну;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттердiң контрактiнiң орындалу мүмкiндiгiн қамтамасыз етушi тиiстi органдармен келiссөздер жүргiзу және келiсiм жасасу;
контракт шарттарының орындалуын бақылау;
сараптауды ұйымдастыру және жер қойнауын пайдаланушылар контракт шарттарын жүзеге асыру үшiн жасаған жобалау технологиялық және техникалық-экономикалық құжаттарды бекiту кiредi.
5. Құзыреттi органның:
контракт шарттары бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен тiкелей келiссөздерде Қазақстан Республикасын көрсетуге;
контракт құжаттарына тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн сарапшылар мен консультанттарды тартуға;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан контрактiге қол қоюға;
Қазақстан Республикасының лицензиялық органына контрактiнi дайындау және оны жүзеге асыру барысында лицензияның шарттарын өзгерту туралы ұсыныс жасауға;
жер қойнауын пайдаланушыдан контракт шарттарын орындаудың жүйелi және iрiктемелi есебiн талап етуге;
жер қойнауын пайдаланушының контракт шарттарын орындау жөнiндегi қызметiне мониторинг пен таңдап тексерудi жүзеге асыруға және бұл мақсаттар үшiн аудиторлық және басқа ұйымдарды, мемлекеттiк атқарушы органдардың өкiлдерiн тартуға құқығы бар.
6. Құзыреттi орган контрактiнiң жобасын әзiрлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушымен дербес келiссөздер жүргiзедi, ол үшiн Құзыреттi орган контракт жобасын әзiрлеу процесiнде қажеттi консультациялар алу үшiн өз кезегiнде мұндай консультациялар беруге мiндеттi кез-келген мемлекеттiк органға хабарласуға құқығы бар жұмыс тобын ұйымдастырады.
Контракт жобасының экономикалық үлгiсi мен салық салу жүйесi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы бiрлесiп белгiлейдi.
7. Құзыреттi орган контракт шарттарын жүзеге асыру үшiн жер қойнауын пайдаланушының тарапынан жасалған жобалық технологиялық, техникалық-экономикалық құжаттарды сараптауды ұйымдастыру, қарау және бекiту мақсатында, одан әрi жасалған контрактiлер шарттарының орындалуын бақылау үшiн тұрақты қызмет iстейтiн жұмыс органын (комиссия) құрады.
8. Құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы контрактiге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Құзыреттi органның бiрiншi басшысы қол қояды.