1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Павлодар мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен келiсiлген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтаждары үшiн мұнай өнiмдерiн 1996 жылғы қараша-желтоқсан айларында "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен "Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарының республика бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк салық комитетi:
мұнай өнiмдерi берудiң мүмкiндiгiне қарай республикалық бюджетке акционерлiк қоғамдардың, қосымшада аталған республикалық бюджетке жалпы сомасы 700 (жетi жүз) млн. теңге берешегiне есептеме жүргiзсiн;
аталған соманы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мекемелерiн қаржыландыру есебiне оны республика бюджетiнiң кiрiсi мен шығысы бөлiктерiнде көрсете отырып есептесiн;
"Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамы қосымшаға сәйкес "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамына 1996 жылғы қараша-желтоқсанда мұнай өнiмдерiн өндiруге қажеттi көлемде өңделмеген мұнаймен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгi мен Қаржы
министрлiгiнiң осы қаулының қосымшасында аталған 1996 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы республикалық бюджетке мерзiмiн өткiзiп алған төлемдерi үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен "Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарына айыппұл санкцияларын қолданбау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 1464 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждары үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" және "Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарының 1996 жылғы қараша-желтоқсанда "Қаражамбасмұнай" АҚ-ның өз өндiрiсi бойынша республикалық бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне мұнай өнiмдерiн БЕРУ __________________________________________________________________ Мұнай өнiмдерiнiң түрi мен | "Павлодар МӨЗ" АҚ маркасы |__________________________ | мөлшерi |құны, мың | тонна | теңге __________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 __________________________________________________________________ А-76 автомобиль бензинi 6450 87075 "3" дизель отыны 5850 63685,4 ТС-1 авиация керосинi 16750 184250 М-100 мазуты - - Тұтынушының қоймасына жеткiзiлген мұнай өнiмдерi бойынша берушiлердiң есебiнен төленетiн көлiк шығыны 14989,6 Жиыны 350000 Республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша есепке қабылданатын берешек барлығы 350000 оның iшiнде: акциздер 350000 қосылған құнға салынатын салық - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - ________________________________________________________ "Павлодар МӨЗ" АҚ "Қаражамбасмұнай АҚ" есебiнен ________________________________________________________ мөлшерi, тонна | құны, мың теңге ________________________________________________________ 4 | 5 ________________________________________________________ 7200 97200 13127 142906 3000 33000 13000 58735 18159 350000 350000 250000 100000