Салық төлемдерiнiң есебiне мұнай өнiмдерiн беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 желтоқсан N 1464

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жанар-жағар май материалдарымен уақтылы қамтамасыз ету және республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешектi қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Павлодар мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен келiсiлген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтаждары үшiн мұнай өнiмдерiн 1996 жылғы қараша-желтоқсан айларында "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен "Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарының республика бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мен Мемлекеттiк салық комитетi:
      мұнай өнiмдерi берудiң мүмкiндiгiне қарай республикалық бюджетке акционерлiк қоғамдардың, қосымшада аталған республикалық бюджетке жалпы сомасы 700 (жетi жүз) млн. теңге берешегiне есептеме жүргiзсiн;
      аталған соманы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мекемелерiн қаржыландыру есебiне оны республика бюджетiнiң кiрiсi мен шығысы бөлiктерiнде көрсете отырып есептесiн;
      "Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамы қосымшаға сәйкес "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамына 1996 жылғы қараша-желтоқсанда мұнай өнiмдерiн өндiруге қажеттi көлемде өңделмеген мұнаймен қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгi мен Қаржы

министрлiгiнiң осы қаулының қосымшасында аталған 1996 жылғы
қараша-желтоқсан айларындағы республикалық бюджетке мерзiмiн өткiзiп
алған төлемдерi үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен
"Қаражамбасмұнай" акционерлiк қоғамдарына айыппұл санкцияларын
қолданбау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 2 желтоқсандағы
                                       N 1464 қаулысына
                                           қосымша

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждары
      үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" және "Қаражамбасмұнай"
      акционерлiк қоғамдарының 1996 жылғы қараша-желтоқсанда
      "Қаражамбасмұнай" АҚ-ның өз өндiрiсi бойынша республикалық
      бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне мұнай өнiмдерiн
                               БЕРУ
__________________________________________________________________
     Мұнай өнiмдерiнiң түрi мен        | "Павлодар МӨЗ" АҚ
             маркасы                   |__________________________
                                       |   мөлшерi  |құны, мың
                                       |    тонна   |  теңге
__________________________________________________________________
                     1                 |       2    |      3
__________________________________________________________________
А-76 автомобиль бензинi                    6450        87075
"3" дизель отыны                           5850        63685,4
ТС-1 авиация керосинi                      16750       184250
М-100 мазуты                                 -           -

Тұтынушының қоймасына жеткiзiлген мұнай
өнiмдерi бойынша берушiлердiң есебiнен
төленетiн көлiк шығыны                                 14989,6

     Жиыны                                             350000

Республикалық бюджетке салық төлемдерi
бойынша есепке қабылданатын берешек
     барлығы                                           350000
оның iшiнде:
акциздер                                               350000
қосылған құнға салынатын салық                            -
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы                   -

________________________________________________________
    "Павлодар МӨЗ" АҚ "Қаражамбасмұнай АҚ" есебiнен
________________________________________________________
     мөлшерi, тонна          | құны, мың теңге
________________________________________________________
           4                 |            5
________________________________________________________
          7200                      97200
          13127                     142906
          3000                      33000
          13000                     58735

                                    18159

                                    350000

                                    350000

                                    250000

                                    100000 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады