Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.18. N 246 қаулысымен.

     "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы  Заңының    (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомстары,   1993 ж., N 18, 439-бап) 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын
аулаудың қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 4 желтоқсандағы      
N 1480 қаулысымен          
БЕКIТIЛГЕН               

  Қазақстан Республикасында балық және басқа су
жануарларын аулау
Ережесi

      1. Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа су жануарларын аулау ережесiмен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, балық қорларын және басқа су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк басқару органдарының (бұдан әрi - арнайы уәкiлетті орган) және табиғат пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қатынастары реттеледi. <*>
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      2. Осы Ереженiң күшi арнайы, мақсаттағы су қоймаларынан басқа (ағын суларды жинақтау орындары және балық питомниктерiнiң су қоймалар, уылдырық өсiру, тоған, тауарлы көлдер және басқа балық шаруашылықтары), балық шаруашылығы мақсатындағы барлық су қоймаларына (аумақтық сулар және iшкi теңiздердiң, өзендердiң, көлдердiң, тоғандардың, су бөгендерiнiң және олардың қосымша суларының экономикалық аймақтары) және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына қолданылады. 
      3. Осы Ереже, жүзеге асырылуы су қоймаларының балық қорларын ұтымды пайдалану мақсатында нақты су қоймаларының экожүйесiнiң жай-күйiне қарай балық аулауды жедел басқару мен реттеудi қамтамасыз ететiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн нормативтермен жүргiзiлетiн су қоймаларындағы балық қорларын қорғау мен ұдайы өсiру саласындағы мемлекеттiк саясатты белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      4. Кәсiпшiлiк балық және басқа су жануарларын аулауға құқық беру және су қоймалары мен олардың жекелеген учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмдi облыстық атқарушы өкiмет органы конкурстық (тендерлiк) негiзде қабылдайды. <*> 
      Табиғат пайдаланушылар арасында лимиттер мен квоталарды бөлудi конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде арнайы уәкiлеттi орган жүргiзедi. <*>
      Бұрын бекiтiлмеген балық шаруашылығының cу айдындарын немесе олардың жекелеген учаскелерiн табиғат пайдаланушыларға бекіту және оларға балық аулау кәсiпшілігi мен олардағы басқа cу жануарларын аулау құқығын беру, сондай-ақ табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерiнде) лимиттер мен квоталарды бөлу жыл сайын алдағы күнтiзбелiк жылдың аяғында конкурстық (тендерлiк) негiзде өткiзiледі.
      Конкурстарды (тендерлердi) конкурстық (тендерлiк) комиссия өткізедi. <*>
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1204   қаулысымен .  
      5. Әрбiр су айдыны бойынша балықты және басқа cу жануарларын аулау ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздемелерiнiң негiзiнде айқындалған олардың түрлiк құрамын көрсете отырып, аулаудың оңтайлы рұқсат етiлетiн көлемiн (лимиттерін, квоталарын) мемлекеттік экологиялық сараптаудың оң қорытындысынан кейiн арнаулы уәкiлетті орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынады.
      Ғылыми ұйымдар биологиялық негiздеменi арнаулы уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 қазанына дейiн ұсынады.
      Арнаулы уәкiлеттi орган конкурстық (тендерлiк) комиссия шешiмiнiң негiзiнде балық ресурстары мен басқа су жануарларын пайдалануға және су айдынын (учаскесiн) бекiтуге арналған шарт жасасады, балық аулауға және басқа су жануарларын аулауға рұқсат бередi.
      Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға және су айдынын (учаскесiн) бекiтуге арналған шарт шаруашылық және өзге де қызметке рұқсат етiлетiн экологиялық талаптарды көздейдi. <*>
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1204   қаулысымен
      6.<*>
       Ескерту. 6-тармақ екінші абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.03. N 158   қаулысымен .
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
       Ескерту. 6-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1204   қаулысымен
      7. Балық шаруашылығы су қоймаларында: 
      Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiмен рұқсат етiлмеген қызметтерге жол берiлмейдi; <*>
      рұқсат етiлмейдi: 
      елдi мекендерге, балық қабылдау пункттерiне, бакендер орнатуға және өте қажет жағдайларда (шторм, апат және басқа) тоқтаудан басқа, балық аулауға тыйым салынған жерлер шегiне балық кәсiпшiлiгi, көлiктiк және басқа кемелерге тоқтатуға; 
      арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз азықтық және тағамдық омыртқасыздарды, басқа гидробионттарды дайындауға, балықтар мен басқа да су жануарларының жаңа түрлерiн жерсiндiруге және көбейтуге; 
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң арнайы рұқсатынсыз балықтар мен басқа да су жануарларының жаңадан жерсiндiрiлген түрлерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына және Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының Қызыл кiтабына енгiзiлген балықтар мен басқа да гидробионттар түрлерiн аулауға. 
      Ескерту. Аулау кезiнде осы балықтар түскен жағдайда олар тiрi күйiнде дереу суға жiберiлуi тиiс, ал оны аулау фактiсi кәсiпшiлiк немесе биологиялық журналдарға тiркелуi керек; 
      әртүрлi аулау құралдарын бiр су қоймасынан екiншiсiне арнайы тазартудан өткiзбей көшiруге; 
      арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз жаңа аулау құралдары мен әдiстерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен нормативтерде көзделгендегiден ұясы кем мөлшердегi аулау құралдарын қолдануға. 
      Ескерту. Аулау құралдарындағы ұяның көлемi ширатылған жiптердiң 11 түйiнi арасындағы қашықтықты өлшеу, алынған санды 10-ға бөлу жолымен белгiленедi. Өсiмдiк талшығынан әзiрленген аулау құралын ылғал түрде өлшеу кезiнде белгiленген мөлшерде 5 процентке азайтуға рұқсат етiледi; 
      қыстайтын орлар шекараларынан 1 шақырым жақын және барлық арналары немесе тармақшаларын санай отырып бiр-бiрiнен 1 шақырым жақын қашықтықтағы өзендерде бөгеулердi, қондырғылар мен қалқымаларды, сондай-ақ жаңа қарама-қарсы бөгеулердi ашуға; 
      су қоймаларында немесе оған тiкелей жақын жерлерде аталған уақытта осы ауданда қолдану осы Ережеде тыйым салынған аулау құралдарымен, сондай-ақ жарылғыш және улағыш заттармен, осы құралдарды қолдануға байланысты жұмыстарды арнайы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша су қоймаларында жүргiзу жағдайларынан басқа, болуға; 
      өзендер, тармақтар енiнiң 2/3-тен астамын балық аулау үшiн аулау құралдарымен және басқа құрылғылармен алуға, сондай-ақ бiр мезгiлде сүзу (жауып тастау) жүргiзуге. 
      Ескерту. Аумен сүзу алдыңғы ауды жағалауға толық шығарған соң ғана басталады; 
      балық кәсiпшiлiгi учаскелерiне, бөгеулерге жекеменшiк су және жерде жүретiн көлiктердi, сондай-ақ балық аулауға қатысы жоқ кәсiпорындар мен ұйымдардың кемелерiн, автомашиналарын, мотоциклдерiн қоюға. 
      Ескерту. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңiнде, сондай-ақ тыйым салынған су айдындарында (телiмдерiнде) су көлiгiнiң қозғалыс тәртiбiн арнайы уәкiлетті орган белгiлейдi;<*>
      арнайы уәкiлеттi органдардың ерекше жарлығына дейiн жаңадан құрылған су қоймаларынан түрлi балық аулауға, сондай-ақ қыстайтын орлардан балық аулауға; 
      500 метрден жақын қашықтықтағы бөгеттерден, қақпалардан, көпiрлерден өнеркәсiптiк балық аулауға; 
      тiркелмеген және белгiленген тәртiппен тiркеу номерлерi iлiнбеген жүзу құралдарымен өнеркәсiптiк балық аулауға; 
      аулау құқығының рұқсатына сәйкес ұйымның атауы аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген таңбасынсыз су қоймаларында аулау құралдарын пайдалануға; 
      теңiз бен өзендерде бекiре аулауға арнаулы қойылатын аулау құралдарын қолдануға; 
      белгiленген лимиттен артық балық аулауға; 
      балықтарды кукандарда сақтауға, өлген және ауру балықтарды аулау құралдарының көздерiнен және жағалауға жақын жерлерге тастауға; 
      балықтарды белгiленген кәсiпшiлiк шамадан кем аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға; 
      балықтардың бiр түрiн басқа түрiне ауыстырып немесе әдейi "бүлiнген" және "майда" ретiнде қабылдауға; 
      балық шаруашылығы су қоймаларында суда жүзетiн құстарды өсiруге және арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз ондатр кәсiпшiлiгi мақсаты үшiн мелиорациялық жұмыстар жүргiзуге; 
      қыстайтын орлардың балық аулау учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекарасын бiлдiретiн, жүзiп жүретiн таным белгiлерiн, бағаларды бүлдiру мен жоюға; 
      көлдердi өзара және негiзгi өзендермен қосатын сағалар мен саяздардан, каналдардың жалғастарынан және суландыру жүйелерiнiң бұрылыстарынан, көлдердiң және каналдардың сағалары алдынан олардың құятын тұсының екi жағынан 500 м арақашықтықта және су қоймасының 500 м тереңдiгiнен, сондай-ақ 1500 м арақашықтықта көл мен өзеннiң жоғарғы жағынан кәсiпшiлiк балық аулауға. 
      Ескерту. Жайық - Каспий бассейндерiнiң су қоймаларына жүрмейдi; 
      Каналдарға құятын бастаулар мен көлдердiң сағасынан 500 м радиусте вентерлер мен секреттер орнатуға. 
      Ескерту. Аулау құралдарының бұл түрлерiн орнатуға қадам сызығы бойынша аулау құралдарының арасы 1,5 км аз болмағанда және орнату сызықтарының арасы теңiзге 1 км аз болмағанда және де көлдер мен басқа да су қоймаларынан кемiнде 50 м қашықтықта болған да ғана рұқсат етiледi. Теңiзде әр қанатта үштен көп емес кiндiк темiрлi вентерлердi орнатуға рұқсат етiледi, вентерлiк қондырғы қанатының ұзындығы 40 метрден аспауы тиiс; 
      шахматтық тәртiппен аулаудың құралын орнатуға; 
      арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз Қазақстан Республикасы қорықтық аймақтардың шегiнде Каспий теңiзi сағасының кеңiстiгi мен солтүстiк шығыс бөлiгiнде, Жайық өзенiнiң бойында мұз қатқан шақта автомобиль және басқа көлiктiң қозғалысына тыйым салынады.
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      8. Табиғатты пайдаланушы: 
      Аулау орнын қорғауды қамтамасыз ету, пайдаланушыға берiлген балық аулау учаскелерiнде бөгде тұлғалар мен ұйымдардың балық аулауын болдырмауға; 
      жағалау учаскелерiн, аулау орындары мен бекiтiлген су қоймаларын тиiстi санитарлық қалпында ұстауға; 
      арнайы уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк инспекторларын балық аулау орындарына және басқа да жүзушi құралдарға, өндiрiстiк орындар мен қоймаларға, аулау тәсiлi мен аулау құралын тексеретiн және ауланған балықты қарайтын қабылдау пункттерiне кедергiсiз жiберуге, оларға балық өндiру мен өндiрiстiң пайдаланылған қаржысы жөнiндегi есепке алу материалдарын беруге сондай-ақ қызмет бабындағы сапар кезiнде жол үстi кемелерi мен басқа да көлiк түрлерiн ақысыз пайдалануына мүмкiндiк беруге; 
      өз күшiмен және дербес қаржы есебiнен мiндеттi түрде табиғат қорғау органдары және ғылыми ұйымдарының келiсiмiмен өздерiне берiлген тосқауылдарда, салдар мен басқа аулау орындарына тазалау, балық өсiру және суландыру жұмыстарын жүргiзуге (ұдайы өндiру, балықтың өсуi жағдайын жақсарту, су өсiмдiктерiнiң, шабындарымен күрес, кәсiпшiлiк аулаудан шабақтарды құтқару, өлiп қалған балықтарды жинау мен көму және т.б.); 
      арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнде су қоймасындағы табиғи жағдайды өзгертетiн жұмыстарды жүргiзбеуге; 
      балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнiң шекарасын арнайы өкiлеттi орган бекiткен үлгi бойынша белгiлермен белгiлеуге; 
      әрбiр балық кәсiпшiлiгi учаскесiнде, немесе бригадада және звенода арнайы өкiлеттi органның мөрiмен расталған, белгiленген нысандағы кәсiпшiлiк журналын жүргiзу және оны талап еткенде көрсетуге; 
      балық өсiру кәсiпорындары мен өндiрушiлердiң бақылау-қадағалау ихтиологиялық пунктiне балықты шарттық негiзде беруге; 
      осы балық аулау Ережесiмен тыйым салынған барлық ауланған балықты тор мен жем салынған қармақтан басқа, барлық аулау құралдарынан босатып, тiрi күйiнде дереу суға жiберуге; 
      балық өндiрумен айналысатын барлық кемелерге (олардың көлемi мен мақсатына қарамастан) тiркеу нөмiрiн жазуға; 
      арнайы уәкiлеттi органның талап етуiмен өз күшiмен осы балық аулау Ережесiн бұза отырып қолданылған судан аулау құралын жинауға, ұсталған аулау құралын, жүзу құралы мен ауланған балықты қабылдау пунктiне дейiн жеткiзуге; 
      өзiне берiлген су қоймаларын (учаскелердi) басқа ұйымдарға бермеуге; 
      Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiн және өзiне бекiтiлген балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнде (тосқауылдарда, салдарда, аудандарда) балық аулаудың осы Ережелердi бұзуды болдырмауға мiндеттi. <*>
       Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен .
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.29. N 1204   қаулысымен .
      9. Арнайы уәкiлеттi органдарға: 
      тиiстi ғылыми ұйымдарының келiсiлген тыйым салу кезеңiнiң жалпы ұзақтығын өзгертпей, гидрометеорологиялық жағдайға байланысты тыйым салу мерзiмiн осы және басқа жаққа 15 күнге дейiн өзгерту. 
      Ескерту. Балықты аулауға тыйым салу тыйым салудың бiрiншi және соңғы күнiн қоса алғандағы мерзiмге жүредi; 
      ғылыми және балық шаруашылығы ұйымдарының келiсiмi бойынша уылдырық шашу учаскелерi мен қыстайтын орлардың шекарасын оларды арнайы белгiлермен белгiлей отырып анықтау; 
      табиғатты пайдаланушыларға қатып қалу қаупi бар су қоймаларынан балықты құралдық барлық түрiмен және кез келген мерзiмiнде лимиттен тыс аулауға рұқсат беру; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жалпы көлем шегiнде ұсақ балықтарды толық қабылдай отырып, ғылыми институтының келiсiмi бойынша арнайы уәкiлеттi органдар белгiлеген мерзiмде және жерлерде арнайы аулау құралдарымен жергiлiктi, қолтықты, ұсақ балықтарды кәсiпшiлiк аулауға рұқсат беруге; 
      су қоймаларының жекелеген байырғы учаскелерiне қамау (үркiту) көмегiмен балық аулауға рұқсат беру; 
      ғылыми ұйымдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикалық Үкiметi бекiтетiн жалпы көлем шегiнде жылдың кез келген мерзiмiнде барлық су қоймаларынан жыртқыш балықтарды мелиоративтiк аулауға рұқсат беру; 
      ғылыми мақсаты үшiн, сондай-ақ тыйым салынған мерзiм, аймақ және учаскелердi қоса алғанда, барлық балық шаруашылығы су қоймаларына қойылған мiндеттерге орай балық өндiретiн ұйымдарды жұмылдыра отырып немесе балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының өзiнiң күшiмен экспериментальдi-ғылыми кәсiпшiлiк аулауды өткiзуге ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми кеңесiмен бекiтiлген және мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен эксперименттiк жұмыстар мен ғылыми зерттеу бағдарламалары негiзiнде балық пен басқа да гидробионттарды аулауға рұқсат беру құқығы берiледi. 
      Су қоймаларында: 
      а) ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздеуiне және қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық сараптамасына сәйкес су қоймаларын балықтандыру, балықтардың бағалы түрлерiн, басқа гидробионттарды жерсiздендiру жөнiндегi жұмыстарды; <*>
      б) балықтардың уылдырық шашуын, қыстайтын орларын, қоныс аударуын, олардың көбею кезiндегi жағдайын, балық аулау режимiн өзгерту туралы ұсыныстарды пысықтау және балық қорларын ұтымды пайдалануды анықтау мақсатында арнайы уәкiлеттi органдардың ихтиологиялық қызметтерiнiң кез келген мерзiмде және барлық су қоймаларынан бақылау үшiн балық аулауды жүргiзуiне рұқсат беруге; 
      қорық аумағындағы гидротехникалық құрылымдар мен су қоймаларына, сондай-ақ балық шаруашылығы су қоймаларын су алуға, ағын сулар мен өндiрiс қалдықтарына пайдаланатын кәсiпорындар мен ұйымдарға кедергiсiз барып тұру; 
      қажет болған жағдайда кәсiпшiлiк аумағы шегiнен жаңа тосқауыл учаскелерiн ашу немесе ғылыми институтының ұсынымы бойынша және балық өндiретiн ұйымның кепiлдемесi бойынша жұмыс iстейтiнiн жабу; 
      табиғатты пайдаланушы лауазымды тұлғалардың балық аулау Ережелерiне қайшы келетiн iс-қимылдары мен нұсқауларын тоқтату және бұзу құқығы берiледi.
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен
      10. Осы Ережеге толықтырулар мен өзгерiстердi ғылыми ұйымдардың ұсынымдары және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi органның ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзуi мүмкiн. <*>
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.05.05. N 427   қаулысымен

Об утверждении Правил рыболовства и добывания других водных животных в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 1996 г. N 1480. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 18 марта 2005 года N 246 (P050246)

      В соответствии со статьей 46 Закона Республики Казахстан от 21 октября 1993 г. "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1993 г., N 18, ст. 439) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Утвердить прилагаемые Правила рыболовства и добывания других водных животных в Республике Казахстан.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан

                                         Утверждены
                                 постановлением Правительства
                                     Республики Казахстан
                                 от 4 декабря 1996 г. N 1480

                                     Правила
            рыболовства и добывания других водных животных
                        в Республике Казахстан

      1. Правилами рыболовства и добывания других водных животных в Республике Казахстан регулируются отношения центральных и местных исполнительных органов, специально уполномоченных органов государственного управления в области охраны, воспроизводства и использования рыбных запасов и других водных животных (далее - специально уполномоченный орган) и природопользователей (юридических и физических лиц). <*>

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 .

           2. Действие настоящих Правил распространяется на все водоемы (территориальные воды и экономические зоны внутренних морей, реки, озера, пруды, водохранилища и их придаточные воды), имеющие рыбохозяйственное значение, кроме водоемов специального назначения (накопители сточных вод и водоемы рыбопитомников, нерестово-выростных, прудовых, озерных товарных и других рыбоводных хозяйств) и особо охраняемых природных территорий.

      3. Настоящие Правила определяют государственную политику в области охраны и воспроизводства рыбных запасов водоемов, реализация которых осуществляется нормативами, обеспечивающими оперативное управление и регулирование рыболовства в зависимости от состояния экосистемы конкретных водоемов в целях рационального использования их биоресурсов и утверждаемыми Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке. <*>

      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 .

           4. Решения о предоставлении права на промысловый лов рыбы и добычу других водных животных и закреплении водоемов или их отдельных участков принимаются на конкурсной (тендерной) основе областным органом исполнительной власти.
      Распределение лимитов и квот между природопользователями производится специально уполномоченным органом на основе решения конкурсной (тендерной) комиссии.
      Закрепление ранее незакрепленных рыбохозяйственных водоемов или их отдельных участков за природопользователями и предоставление им права на промысловый лов рыбы и добычу других водных животных в них, а также распределение лимитов и квот между природопользователями на рыбохозяйственных водоемах (участках) проводятся ежегодно в конце предшествующего календарного года на конкурсной (тендерной) основе.
      Конкурсы (тендеры) проводятся конкурсной (тендерной) комиссией. <*>

      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 ; от 29 ноября 2003 г. N 1204 .

           5. Оптимально допустимые объемы добычи рыбы и других водных животных (лимиты, квоты) по каждому водоему с указанием их видового состава, определяемые на основе биологических обоснований научных организаций, после положительного заключения государственной экологической экспертизы представляются специально уполномоченным органом в установленном порядке для утверждения Правительством Республики Казахстан.
      Научные организации представляют биологические обоснования специально уполномоченному органу или его территориальным органам до 15 октября текущего года.
      Специально уполномоченный орган на основании решения конкурсной (тендерной) комиссии заключает договора на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными и закрепление водоема (участка), выдает разрешения на вылов рыбы и добычу других водных животных.
      Договор на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными и закрепление водоема (участка) предусматривает экологические требования, при которых допускается хозяйственная и иная деятельность. <*>
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 . Новая редакция - от 29 ноября 2003 г. N 1204 .

         6. (Пункт 6 исключен - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2003 г. N 1204 )

      7. На рыбохозяйственных водоемах:
      не допускается деятельность, не разрешенная Правилами закрепления, использования и охраны рыбохозяйственных водоемов; P950414_
      не разрешается:
      останавливаться рыбопромысловым, транспортным и другим судам в пределах запретных для рыболовства мест, за исключением остановок у селений, рыбоприемных пунктов, для установки бакенов и в случае крайней необходимости (шторм, авария и др.);
      производить без разрешений специально уполномоченных органов заготовку кормовых и пищевых беспозвоночных, других гидробионтов, акклиматизацию и разведение новых видов рыб и других водных животных;
      вылавливать без особого разрешения Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан вновь акклиматизированные виды рыб и других водных животных и без разрешения Правительства Республики Казахстан виды рыб и других гидробионтов, занесенные в Красную книгу Республики Казахстан и Красную книгу Международного союза охраны природы и природных ресурсов.

      Примечание. В случае попадания этих рыб в орудия лова они должны быть немедленно выпущены в воду в живом виде, а факт их прилова должен быть зарегистрирован в промысловом или биологическом журналах;

      переносить различные виды орудий лова из одних водоемов в другие без специальной обработки;
      применять без разрешения специально уполномоченных органов новые орудия и способы лова, а также орудия лова с ячеей меньших размеров, предусмотренных нормативами, утвержденными Министерством экологии и биоресурсов Республики Казахстан.

      Примечание. Размер ячеи в орудиях лова определяется путем измерения расстояния между 11 узлами по жгуту, деления полученного числа на 10. При измерений орудий лова, изготовленных из растительных волокон, в мокром виде допускается снижение установленных размеров на 5 процентов;

      открывать тони, сплавы и плавы в реках на расстоянии ближе 1 км от границ зимовальных ям и ближе 1 км друг от друга, считая по всему руслу или протоки, а также новые противоположные тони;
      находиться на водоеме или в непосредственной близости от него с орудиями лова, применение которых в данном районе в данное время запрещено настоящими Правилами, а также взрывчатыми и отравляющими веществами, за исключением случаев проведения на водоемах по согласованию со специально уполномоченными органами работ, связанных с применением этих веществ;
      занимать орудиями лова и другими сооружениями для лова рыбы более 2/3 ширины реки, протоки, а также производить одновременный замет (в замок).

      Примечание. Замет невода начинается только после полной выборки на берег предыдущего невода;

      стоянка на рыбопромысловых участках, тонях частного водного и наземного транспорта, а также судов, автомашин, мотоциклов предприятий и организаций, не имеющих отношения к рыболовству.

      Примечание. Порядок движения водного транспорта в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных водоемах (участках) устанавливает специально уполномоченный орган.

      всякое рыболовство во вновь образуемых водоемах до особого распоряжения специально уполномоченных органов, а также лов рыбы в зимовальных ямах;
      промышленное рыболовство у плотин, шлюзов и мостов на расстоянии ближе 500 м;
      промышленный лов рыбы не зарегистрированными и не обозначенными в установленном порядке регистровыми номерами плавучими средствами;
      эксплуатация орудий лова в водоеме без бирок с указанием названия организации и параметров орудий лова согласно разрешению на право лова;
      применение ставных орудий лова для добычи осетровых в море и реках;
      добыча рыбы сверх установленного лимита;
      хранение рыбы на куканах, выброс снуловой и больной рыбы из прорези и орудий лова в воду и береговую прибрежную полосу;
      лов, прием, продажа и хранение рыбы менее установленной промысловой меры;
      прием рыбы одного вида под названием другого или под названием "прочая" и "мелочь";
      разводить водоплавающую птицу на рыбохозяйственных водоемах и производить мелиоративные работы для целей ондатрового промысла без согласования со специально уполномоченными органами;
      уничтожать или портить столбы, плавучие опознавательные знаки, обозначающие границы зимовальных ям, рыболовных участков и запретных для рыболовства мест;
      промысловый лов рыбы на протоках и узяках, соединяющих озера между собой и основной рекой, подводящих каналах и отводах мелиоративных систем, перед устьями рек и каналов на расстоянии 500 м в обе стороны от их впадения и на 500 м в глубь водоема, а также вверх по реке или каналу на расстоянии 1500 м.

      Примечание. На водоемы Урало-Каспийского бассейна не распространяется;

      устанавливать вентеря и секреты в радиусе 500 м от устья рек и истоков, впадающих каналов.

      Примечание. Установка этих видов орудий лова разрешается по линии с шагом между орудиями лова не менее 1,5 км и между линиями установки не менее 1 км в море и не менее 50 м в реках и других водоемах. В море разрешается установка не более трех сошворенных вентерей с каждого крыла, длина крыла вентерной установки не должна превышать 40 м;

      устанавливать ставные орудия лова в шахматном порядке;
      движение автомобильного и иного транспорта в период ледового покрова по р. Урал, предустьевом пространстве и в северо-восточной части Каспийского моря в пределах заповедной зоны Республики Казахстан без согласования со специально уполномоченными органами. <*>

      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 .

           8. Природопользователь обязан:
      обеспечивать охрану мест лова, не допускать лов рыбы посторонними лицами и организациями на предоставленных пользователю рыболовных участках;
      содержать в надлежащем санитарном состоянии береговые участки, места лова и закрепленные водоемы;
      беспрепятственно допускать государственных инспекторов специально уполномоченных органов на места лова, суда и другие плавучие средства, в производственные помещения и склады, приемные пункты для проверки орудий лова, способов лова и осмотра добытой рыбы, предоставлять им учетные материалы по добыче рыбы и используемым средствам производства, а также возможность бесплатно пользоваться при служебных поездках попутными судами и другими видами транспорта;
      своими силами и за счет собственных средств производить в обязательном порядке по согласованию с природоохранными органами и научными организациями расчистку предоставленных им тоней, плавов и других мест лова, рыбоводные и мелиоративные работы (улучшение условий воспроизводства, зарыбление, борьба с заморами, выкос водной растительности, спасение молоди промысловых рыб, сбор и захоронение погибшей рыбы и др.);
      не производить на рыбопромысловых участках без разрешения специально уполномоченных органов работы, изменяющие естественные условия в водоеме;
      обозначать границы рыбопромысловых участков знаками по образцу, установленному специально уполномоченными органами;
      вести на каждом рыбопромысловом участке, судне, бригаде или звене промысловый журнал по установленной форме, заверенный печатью специально уполномоченных органов, и предъявлять его по их требованию;
      предоставлять рыбоводным предприятиям и контрольно-наблюдательным ихтиологическим пунктам производителей рыб на договорных началах;
      немедленно выпускать в воду в живом виде из всех орудий лова, кроме сетей и наживных крючковых снастей, весь прилов рыб, промысел которых запрещен настоящими Правилами рыболовства;
      обозначать на всех судах, занимающихся добычей рыбы (независимо от их размеров и назначения), регистрационные номера;
      по требованию специально уполномоченных органов производить своими силами выборку из воды орудий лова, применяемых с нарушением настоящих Правил рыболовства, доставку задержанных орудий лова, плавсредства и уловов рыбы до приемного пункта;
      предоставленные им водоемы (участки) не передавать другим организациям;
      не допускать нарушений Правил закрепления, использования и охраны рыбохозяйственных водоемов и настоящих Правил рыболовства на закрепленных за ними рыбопромысловых участках (тонях, плавах, районах). <*>

      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 ноября 2003 г. N 1204

      9. Специально уполномоченным органам предоставляется право:
      переносить по согласованию с соответствующими научными организациями сроки запрета до 15 дней в ту или другую сторону в зависимости от гидрометеорологических условий без изменения общей продолжительности запретного периода.

      Примечание. Сроки запретного периода на лов рыбы распространяются на первое и последнее число запрета включительно;

      по согласованию с научными и рыбохозяйственными организациями определять границы нерестовых участков и зимовальных ям, обозначая их специальными знаками;
      разрешать природопользователям вне лимита отлов рыбы в замороопасных водоемах всеми орудиями лова и в любое время года;
      разрешать промысловый лов мелкочастиковых, туводных, култучных рыб специальными орудиями лова в местах и сроки, определяемые специально уполномоченными органами по согласованию с научными организациями, с полным приемом частиковых рыб в пределах общего объема, утверждаемого Правительством Республики Казахстан;
      разрешать лов рыбы с помощью ботания (загона) на отдельных закоряженных участках водоемов;
      разрешать по рекомендациям научных организаций мелиоративный отлов хищных рыб во всех водоемах в любое время года в пределах общего объема, утверждаемого Правительством Республики Казахстан;
      разрешать лов рыбы и других гидробионтов для научных целей, а также проведение экспериментального научно-промыслового лова собственными силами рыбохозяйственным научным организациям или с привлечением рыбодобывающих организаций в зависимости от поставленных задач на всех рыбохозяйственных водоемах, включая запретные периоды, зоны и участки, на основании программ научных исследований и экспериментальных работ, утвержденных учеными советами научных организаций и прошедших государственную экологическую экспертизу;
      разрешать проведение на водоемах:
      а) работ по акклиматизации ценных видов рыб, других гидробионтов, зарыбление водоемов в соответствии с биологическими обоснованиями научных организаций и экологической экспертизой охраны окружающей среды;
      б) контрольный лов рыбы во всех водоемах и в любое время года ихтиологическим службам специально уполномоченных органов с целью определения нерестилищ, зимовальных ям, миграции рыб, их состояния в период размножения, выработки рекомендаций по изменению режима рыболовства и рациональному использованию рыбных запасов;
      беспрепятственно посещать гидротехнические сооружения и водоемы на территории заповедников, а также предприятия и организации, использующие рыбохозяйственные водоемы для забора воды, сброса сточных вод и отходов производства;
      в случае необходимости открывать в пределах промысловой зоны новые тоневые участки или закрывать действующие по ходатайству рыбодобывающей организации и по рекомендациям научных организаций;
      приостанавливать и отменять противоречащие Правилам рыболовства действия и указания должностных лиц природопользователей. <*>

      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 .

           10. Дополнения и изменения в настоящие Правила могут быть внесены Правительством Республики Казахстан по предложениям специально уполномоченного органа в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных на основе рекомендаций научных организаций и положительного заключения государственной экологической экспертизы. <*>

      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 5 мая 2003 г. N 427 .