"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметiнiң
салық полициясында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 459 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық
полициясы қызметкерлерi Антының қоса берiлiп отырған мәтiнi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1481 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi
салық полициясы қызметкерлерiнiң
АНТЫ
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы__________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
салық полициясының органына қызметке кiре отырып, Ант қабылдаймын және салтанатты түрде:
Қазақстан халқына және оның заңды сайланған Президентiне адал болуға, Конституцияны және өзiмнiң егемен мемлекетiмнiң заңдарын қастерлеуге:
салық полициясы қызметкерiнiң маған жүктелген мiндетiн әдiл және адал орындауға, күшiмдi аямауға, ал егер қажет болса-азаматтар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, елдiң экономикалық қуаты мен салық жүйесiн нығайту үшiн жанымды қиюға;
Қазақстан Республикасы заңдарының, бұйрықтар мен осы Анттың талаптарын мүлтiксiз басшылыққа алуға, өзiмнiң кәсiби шеберлiгiмдi
ұдайы көтеруге;
мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды қатаң сақтауға ант етемiн.
Егер мен өзiмнiң осы салтанатты Антымды бұзсам, онда маған заңның ең қатаң жазасы қолданылсын.
1996 жылғы "____" __________________ _________________________
(қолы)