Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық полициясы қызметкерлерi Антының мәтiнiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1481 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 512 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметiнiң
салық полициясында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 459 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық
полициясы қызметкерлерi Антының қоса берiлiп отырған мәтiнi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң               
1996 жылғы 4 желтоқсандағы       
N 1481 қаулысымен            
Бекiтiлген                

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi
салық полициясы қызметкерлерiнiң
АНТЫ

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы__________________________
                                      (тегi, аты, әкесiнiң аты)
салық полициясының органына қызметке кiре отырып, Ант қабылдаймын және салтанатты түрде:
      Қазақстан халқына және оның заңды сайланған Президентiне адал болуға, Конституцияны және өзiмнiң егемен мемлекетiмнiң заңдарын қастерлеуге:
      салық полициясы қызметкерiнiң маған жүктелген мiндетiн әдiл және адал орындауға, күшiмдi аямауға, ал егер қажет болса-азаматтар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, елдiң экономикалық қуаты мен салық жүйесiн нығайту үшiн жанымды қиюға;
     Қазақстан Республикасы заңдарының, бұйрықтар мен осы Анттың талаптарын мүлтiксiз басшылыққа алуға, өзiмнiң кәсiби шеберлiгiмдi
ұдайы көтеруге;
     мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды қатаң сақтауға ант етемiн.
     Егер мен өзiмнiң осы салтанатты Антымды бұзсам, онда маған заңның ең қатаң жазасы қолданылсын.

     1996 жылғы "____" __________________  _________________________
                                                      (қолы)     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады