1. Балалар тағамының цехыменен қоса, салынып жатқан Ленгiр тамақ концентраттары комбинатының дирекциясы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
салынып жатқан кәсiпорынның дирекциясын тарату жөнiнде тарату комиссиясын құрсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны жою жөнiндегi шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiнгi кәсiпорынның қалған мүлкiн, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
3. Салынып жатқан кәсiпорынның дирекциясы жобалық-сметалық
құжаттарды сақтау үшiн мемлекеттiк еңбекке орналастыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі дирекцияның босап қалған қызметкерлерін еңбекке орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын. 5. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi