Оңтүстiк Қазақстан облысының Ленгiр қаласындағы салынып жатқан тамақ концентраттары комбинатының дирекциясын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 желтоқсан N 1487

      Оңтүстiк Қазақстан облысындағы балалар тағамының цехы бар Ленгiр тамақ концентраттары комбинатының құрылысын республикалық бюджеттен одан әрi қаржыландыру мүмкiндiгi болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Балалар тағамының цехыменен қоса, салынып жатқан Ленгiр тамақ концентраттары комбинатының дирекциясы таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      салынып жатқан кәсiпорынның дирекциясын тарату жөнiнде тарату комиссиясын құрсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны жою жөнiндегi шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiнгi кәсiпорынның қалған мүлкiн, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
      3. Салынып жатқан кәсiпорынның дирекциясы жобалық-сметалық

құжаттарды сақтау үшiн мемлекеттiк еңбекке орналастыру жөнiнде
шаралар қабылдасын.
     4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі дирекцияның босап қалған 
қызметкерлерін еңбекке орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
     5. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады