1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 20 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауына төрағаның бiр орынбасарын, сондай-ақ саны 5 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды
қадағалау орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1803 қаулысының 2-4-тармақтары күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 495-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1549 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Сақтандыру қызметiн лицензиялау және бақылау басқармасы Қаржы-шаруашылық бөлiмi