"Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 20 желтоқсан N 1577

      Қаржы нарығының барлық субъектiлерi жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Кәсiпкерлерi конгресiнiң, Қазақстан Сақтандырушылар одағының, Қазақстанның коммерциялық банктерi ассоциациясының және Қазақстан аудиторлар палатасының "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын құру туралы ұсынысы қолдалсын.
      2. "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қоры мына мақсаттарда құрылады:
      мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк емес ұйымдарға арналған қаржылық нарықты дамыту туралы талдау және ақпараттық материалдарды әзiрлеу;
      қаржылық нарықты дамыту және консалтингтiк қызметтердi жүзеге асыру жөнiндегi бағдарламаларды, құқықтық нормативтiк актiлердi және өзге де материалдарды тәуелсiз экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу;
      қаржы нарығының барлық субъектiлерi үшiн бiлiктi кадрларды даярлау және қайта даярлау;
      қаржы нарығы субъектiлерi үшiн бiрыңғай ақпараттық база құру;
      қаржы нарығы субъектiлерi үшiн бағдарламалық, әдiстемелiк және оқу материалдарын әзiрлеу;
      оның жарғысына сәйкес басқа мiндеттердi шешу.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үстiмiздегi жылдың 30 желтоқсанына дейiн "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қорын мына мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Гоголь көшесi, 84-үйде орналастырсын және мұны жарғылық қорға жарна ретiнде ресiмдесiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан

Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қаржы
нарығы институты" қоғамдық қорының қалыптасуы үшiн қайтарым негiзiнде
қаржылық көмек мүмкiндiгiн iздестiрсiн және көрсетсiн.
     5. "Қаржы нарығы институты" қоғамдық қоры Үкiмет актiлерiн,
министрлiктер мен ведомстволардың нормативтiк құжаттарын алатын
ұйымдардың тiзбесiне енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Об учреждении общественного фонда "Институт финансовых рынков"

П о с т а н о в л е н и е Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 1996 г. N 1577

      В целях обеспечения эффективности и координации функционирования всех субъектов финансовых рынков Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Поддержать предложение Конгресса предпринимателей Казахстана, Союза страховщиков Казахстана, Ассоциации коммерческих банков Казахстана и Палаты аудиторов Казахстана о создании общественного фонда "Институт финансовых рынков".
      2. Общественный фонд "Институт финансовых рынков" создается в целях:
      подготовки аналитических и информационных материалов о развитии финансовых рынков для государственных органов и негосударственных организаций;
      проведения независимой экономической и правовой экспертизы программ, нормативных правовых актов, иных материалов по развитию финансовых рынков и осуществления консалтинговых услуг;
      подготовки и переподготовки квалифицированных кадров для всех субъектов финансовых рынков;
      создания единой информационной базы для субъектов финансовых рынков;
      разработки программных, методических и учебных материалов для субъектов финансовых рынков;
      решения других задач в соответствии с его уставом.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом в срок до 30 декабря т.г. разместить общественный фонд "Институт финансовых рынков" по адресу: г. Алматы, ул. Гоголя, 84 и оформить как взнос в уставный фонд.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан, Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации изыскать возможность и оказать финансовую помощь для становления общественного фонда "Институт финансовых рынков" на возвратной основе.
      5. Включить общественный фонд "Институт финансовых рынков" в перечень организаций, получающих акты Правительства, нормативные документы министерств и ведомств.

          Премьер-Министр
        Республики Казахстан