1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 140 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне министрдiң 5 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 13 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 6 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысының 1 тармағының үшiншi абзацы, 2-5 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ғы 1995 ж., N 38, 493
құжат); "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 687 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 217-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 желтоқсандағы N 1589 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Заңдар бас басқармасы Заңды тұлғаларды тiркеу басқармасы Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу басқармасы Соттардың жұмысын ұйымдастыру басқармасы Халықаралық құқықты қамтамасыз ету басқармасы Кадр басқармасы Қаржы басқармасы Ұйымдастыру-бақылау басқармасы Заңдарды кодификациялау және жүйелеу бөлiмi Ведомстволық нормативтiк актiлердi тiркеу бөлiмi Халыққа заң қызмет көрсету бөлiмi Құқықтық насихат бөлiмi Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi