1. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 60 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 2 орынбасарын, сондай-ақ 9 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге
орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1783 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 1635 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жер реформасын құқықтық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi Мемлекеттiк жер инспекциясы (дербес бөлiм құқығында) Жерге орналастыру және жер пайдаланушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бөлiмi Жер кадастры және жер мониторингi бөлiмi Геодезия және картография бөлiмi Жер ресурстарын басқаруды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрлы картографиялау бөлiмi Қаржылық қамтамасыз ету және бухгалтерлiк есеп бөлiмi Ұйымдастыру - кадр жұмысы бөлiмi