1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының бюджет алдындағы қосылған құнға салынған салық бойынша 136857 мың (жүз отыз алты миллион сегiз жүз елу жетi мың) теңге сомасындағы берешекке есептеме жүргiзсiн. Аталған сома мемлекеттiк телерадио хабарларының бағдарламаларын тарату жөнiндегi көрсеткен байланыс қызметi үшiн Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң алдындағы республикалық бюджеттiң берешегi есебiне есептелсiн. 2. Берешектi есептеу 1996 жылдың 1 қыркүйегiндегi жағдай бойынша, аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары