Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1641

      Мемлекеттiк телерадио хабарларының бағдарламаларын тарату жөнiндегi көрсеткен байланыс қызметi үшiн республикалық бюджеттiң берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының бюджет алдындағы қосылған құнға салынған салық бойынша 136857 мың (жүз отыз алты миллион сегiз жүз елу жетi мың) теңге сомасындағы берешекке есептеме жүргiзсiн. Аталған сома мемлекеттiк телерадио хабарларының бағдарламаларын тарату жөнiндегi көрсеткен байланыс қызметi үшiн Көлiк және коммуникациялар

министрлiгiнiң алдындағы республикалық бюджеттiң берешегi есебiне
есептелсiн.
     2. Берешектi есептеу 1996 жылдың 1 қыркүйегiндегi жағдай
бойынша, аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс
бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады