Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1. "Үкiметтiң 1996 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 15 желтоқсандағы N 1732 P951732_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 492-құжат) 19-тармақ алынып тасталсын.
2. "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы N 56 қаулысының
"1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 3, 17-құжат) деген 2-қосымшасындағы 115-реттiк нөмiрлi жолдағы екiншi абзац алынып тасталсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары