1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 267 адам, оның iшiнде Бас салық полициясы - 107 болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне төрағаның 5 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң
орталық аппараты үшiн 10, оның iшiнде Бас салық полициясы үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 қазандағы N 1258 P961258_ қаулысының 2-5-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1652 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Салық полициясы бас басқармасы Ұйымдастыру-әдiстемелiк бас басқарма Аппарат жұмысын ұйымдастыру бас басқармасы Заңды тұлғалардың кiрiстерiне салық салу басқармасы Жеке тұлғалардың кiрiстерiне салық салу басқармасы Жанама салықтарға әкiмшiлiк ету басқармасы Жер пайдаланушыларға салық салу және инвестициялық контрактілер басқармасы Жергiлiктi салықтарға әкiмшiлiк ету және салықтық емес төлемдер басқармасы Салық органдарын құқықтық қамтамасыз ету және салық заңдарын насихаттау басқармасы Кадр басқармасы